Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны пластикалық бөтелкелердің арқасында өз кәсібін ашып алды (фото)

Қызылордалық Нәзипа Сарымсақова – үшінші топ мүгедегі.  Жасы елуден асқан жанның көзі нашар көреді.Соған қарамастан қол қусырып отырмайтын шебер пластмассалық құтылардан гүл жасауды үйреніпті. Бұл кәсіпті қолға алғанына биыл екі жыл болды.

Image00014

Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі Нәзипа апайдың үйіне барып, қолынан шыққан дүниелерді тамашалап қайтқан еді.

Image00007

Алғашқыда Нәзипа апай 5 литрлік құтыларды қоқысқа тастамай, олардан түрлі ойыншықтар жасап бастаған. Аулада өсетін гүлдерге қажет қоршауларды да өзі құрастырған. Кейіннен ғаламтордың көмегімен, бөтелкелерден гүл жасауды үйреніпті. Қазіргі таңда шебер 100-ге жуық гүл композицияларын жасап үйренген.

Image00010

Image00002

Нәзипи Сарымсақованың үйіне келген адам құдды бір баққа келгендей әсерде болады. Мұнда көздің жауын алар дүниелер өте көп. Раушан, лилия, қызғалдақ, түймедақ тағы да басқа гүлдер тірі өсімдіктерден айнымайды. Шебер бір гүл композициясын жасап шығару үшін көп еңбек пен уақыттың қажет екенін айтады.

Image00005

«Бір гүлді жасап бітіру үшін бірнеше күн еңбек етеміз. Гүлге қажетті пластмасса құтыларды жинап жүреміз. Көшеде жатса, көтеріп аламыз. Көбіне мейрамханалар мен кафелерден сұрарп аламыз», – дейді шебер.

Image00009

Қазір Нәзипа апайға тапсырыс берушілер өте көп. Әсіресе, білім беру ұйымдарынан тапсырыс жиі түсуде. Сол себептен барлығына үлгеру үшін Нзәипа апай бұл жұмысқа құрбысы Гүлнар Махмудованы да тартыпты. Гүлдердің бағасы 200 теңгеден бастап, 10000 теңге дейін.

Image00013

Гүл жасау үшін алдымен пластмасса құтылар қажетті пішінге келтіріліп, қиялады. Кейіннен балауыз шамның көмегімен ерітіледі екен. Мұнан соң шеберлер әртүрлі түстерге бояйды. Арнайы композициялар үшін құмыралар сатып алынады.

Image00006

Қазір шеберлер қызу жұмыс жасауда. Себебі, «ЭКСПО – 2017» көрмесіне қатысу үшін арнайы шақырту келген екен. Енді олар шетелдік туристерді таңғалдыру үшін қолдарынан келгенше еңбек етіп, тамаша туындыларды жасау үшін тер төкпек.

Image00004

Image00003

Image00012

Image00011

Image00001


 

Жіберіп алмаңыз:

Құрты мен майын сатып отбасын асырайтын ананың бір күні (фото)

Талқылау