Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық полицейлер бір түнде жоғалған 3 жасар бала мен мектеп оқушысын тапты

Қызылордалық полицейлер бір түннің ішінде екі бірдей жоғалған баланы тауып, туыстарына тапсырды.

балақай

Бұл туралы  total.kz сайты хабарлайды.

«29 ақпан күні кешкі сағат 20:30 шамасында полицияға 2013 жылы дүниеге келген баланың жоғалып кеткені жайлы ақпарат түскен. Ата-анасы баланың қайда кеткенін тіпті болжай алмаған. Бала тұратын аумаққа бірнеше полиция қызметкері барып, тұрғындардан сұрастыру жұмыстарын жүргізген. Баланы іздеуге иісшіл иттер де кіріскен. Ауылдан алыстап кеткен баланы полиция қызметкерлері далада ұйықтап жатқан жерінен тауып алған»,-дейді өңірлік ІІД баспасөз қызметі.

Осы оқиғадан кейін бір сағат өтер өтпес полицияға кәмелет жасына толмаған баланың жоғалып кеткені хабарланған.

«29 ақпан күні 21:30 шамасында 2002 жылы туылған 8-ші сынып оқушысы туысының үйіне кеткеннен үйіне оралмаған. Қыздың анасы түнгі 01:30 шамасында полицияға хабарласып көмектесулерін сұрайды. Бірнеше сағат іздеу жүргізудің нәтижесінде 14 жастағы оқушы қыз дін аман табылды»,-дейді полиция қызметкерлері.

Қазір екі баланың да жағдай жақсы, ата-аналарының қолына тапсырылған. Енді олардың жоғалу себептері анықталып жатыр.

«Қызылорда облысы ІІД қызметкерлері барлық ата-аналарға балаларын қадағалауды, олардың қауіпсіздігін күшейтуді тапсырады»,-деп аяқтады өз сөздерін өңірлік тәртіп сақшылары.

Талқылау