Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық палуан белбеу күресінен әлем чемпионатының күміс жүлдесін иеленді

Ресейдің Набережные Челны қаласында белбеу күресінен өткен Әлем чемпионатында жерлесіміз, Шиелі ауданының тумасы Райымбек Рантаев күміс жүлдені иеленді.

foto1980

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

62 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Райымбек халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Рантаев 1996 жылы Шиелі ауданында дүниеге келген. Ол биылғы жылы Астана қаласында белбеу күресінен ересектер арасында өткен Қазақстан чемпионатының жеңімпазы атанса, Жаңақорған ауданында Қазақстан кубогын иеленді. Түркіменстанның Ашхабад қаласында ересектер арасында Азия чемпионатының күміс жүлдесін еншіледі.

Жасөспірімдер және жастар арасында Қазақстан чемпионатының жеңімпазы. Сондай-ақ, қазақ күресінен жасөспірімдер арасында екі мәрте Қазақстан чемпионатының жеңімпазы, Әлем чемпионатының қола жүлдегері (Бразилия, 2012 ж.), ҚР спорт шебері. Жаттықтырушылары: Ғабит Тәжбенов, Мейрамбек Тәжбенов. Ол Қорқыт ата атындағы ҚМУ-нің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 3-курста оқиды. Аталған әлем чемпионатына 42 мемлекеттің спортшылары бақ сынасты.


Жіберіп алмаңыз:

Мэнни Пакьяо: Менің боксқа қайта оралуыма Головкин әсер етті

Илья Ильин спортты тастап мемлекеттік қызметке ауысып жатыр

Қанат Ислам жекпе-жектен соң екі қолының қандай күйге түскенін көрсетті (фото)

БАҚ: Ауыр атлеттеріміз халықтан кешірім сұрап, сыйға алған қаржыны қайтаруы тиіс

Талқылау