Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық отбасы апатты жағдайдағы үйде тұрып жатыр

Қызылорда қаласындағы апатты деп танылғанына үш жыл өткен көп қабатты үйді жалғыз ғана отбасы паналап отыр. Әбден тозығы жетіп, қаңырап қалған баспанада тұрудан басқа бұл әулеттің амалы да жоқ. Өйткені ел қатарлы тұрғын үй кезегіне тұрып жаңа пәтерге қол жеткіземіз деген жанұя арманына жете алмаған.

cvcv

Бұл туралы 31 арна хабарлайды.

Іргетасы жарты ғасыр бұрын қаланған бұл көп қабатты үй апатты, адам өміріне қауіпті жағдайда деп танылғаннан кейін мұндағы тұрғындарға жаңа пәтер табысталып, барлығы дерлік көшіп кеткен. Ал бірақ қабырғалары опырылып, құлаудың сәл-ақ алдында тұрған бұл үйде тек Зейнеп апаның отбасы қалып қойыпты.

Бүгінде пәтерлері қаңырап бос қалған көп қабатты үйдің жалғыз тұрғыны осы кісі. Мамандар 2013 жылы бұл үйді апатты жағдайда тұр деп шешім қабылдағаннан кейін мұндағы бүкіл тұрғындар пәтер кезегіне тұра бастайды. Сол уақыттарда көршілерімен бірге жаңа пәтер алуға кезекке тұрған Зейнеп Мырзабаева арманым аяқ асты орындалмайтын болып шықты деп күйінеді.

“Міне, осы тұрып жатқан жағдайымыз. 8 пәтерлік үйдің 7-еуі көшіп кетіп, бір өзім ғана қалып тұрмын. Қазіргі өмірде қиындық қорқынышта отырмыз. Өміріміз қауіп үстінде деп айтуға болады”, – дейді Зейнеп Мырзабаева.

Зейнеп Мырзабаеваның бұл мәселесі қалалық сотта қаралыпты. Судьялар оның пәтер кезегінен шығып қалуының өзіндік себептері бар дейді.

“Заң талаптарына сәйкес кемінде 5 жылдан кем емес атында мүлік болмауы керек.2013 жылы өзіне тиесілі жылжымайтын мүлікті сатып, алайда атқарушы органға өзінің атындағы баспанасы жоқ екендігін, қазіргі тұрып жатқан үйінің авариялық жағдайда екендігін айтып жеткізіп отыр”, – деді Қызылорда қалалық сотының судьясы Кәмшат Сәдуақасова.

Мамандардың сөзінше Зейнеп Мырзабаева енді тек екі жылдан кейін ғана пәтер кезегіне тұра алады. Ал зейнеткер тозығы жеткен баспананың қабырғасы құлап қалмай тұрғанда жаңа пәтерге ие болсам екен дейді.

Талқылау