Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық оқушылар сәбидің дәретін тауыстың балапандарын қоректендіруге пайдаланып жүр

Қызылорда қаласындағы №11 мектеп талайды қызықтырып қана қоймай, таң қалдырып жүр. Неге десеңіз, мұнда өзге білім ошақтарында жоқ дүниелер өте көп. Соның бірі түрлі дақылдарды өсіруге арналған жылыжай болса, екіншісі есік алдында серуендеп жүрген тауыс және өзге де қолға үйренген дала құстары,-деп хабарлайды Stan.kz сайтының өңірдегі тілшісі.

мал2

Тасбөгет кентінде орналасқан мектепке келгендер құдды бір құстар бағына барып қайтқандай әсерде болады. Себебі, мұнда қанаттылардың түр-түрі бар. Тауыс құстарынан бастап, бүркітті де көруге болады. Қырғауылды қолға үйретудің сырын тапқан оқушылар, құстарға айрықша күтім жасайды. Мұның барлығын жеткіншектер  БҰҰ-ның әлеуметтік нысандарды қолдау бағдарламасы бойынша жеңіп алған гранттың нәтижесінде сатып алған.

мал

Белсенді оқушылар экзотикалық құстарды өздері күтіп-баптайды. Тіпті, арнайы кезекшілік кестесі де бар. Ірі  қанаттыларды жеммен және асханадан қалған тамақтармен қоректендіреді. Ал тауыстың балапандарын азықтандыру өте қиын. Өйткені жергілікті климатқа бірден үйреніп кету оңайға соқпаған. Сол үшін де  мектеп оқушылары жаңа туылған балапандарға 3 айға дейін сәбидің кіші дәретін береді екен. Бұл таңғаларлық әдістің өз тиімділігі бар.

құс1

«Қызылорда облысы бойынша мұндай құстар біздің мектепте ғана бар. Бұл – біздің мақтанышымыз. Қолымыз сабақтан босағанда құстармен ойнағанды, оларды қоректендіргенді ұнатамыз. Кішкентай баланың дәретін балапандарға береміз. Сол арқылы оның денесіндегі улы заттарды шығарамыз. Осының арқасында балапандар ертерек жетіледі», – дейді оқушы Әйгерім Тынысбекова.

құс

Мектепте құс бағынан бөлек жылыжай да тұрғызылған. Оның аумағы 48 шаршы метрді құрайды. Бүгінде оқушылар мұнда өз қолдарымен қызанақ пен қияр екті.  Алдағы уақытта түрлі-түсті бұрыш пен баклажан егуді жоспарлап отыр. Өнім піскеннен кейін асханаға өткізіліп, тұрмысы төмен отбасы балаларына ас әзірленеді. Сонымен қатар, жылыжайдың биология пәнінен ғылыми жұмыспен айналысып жүрген оқушыларға көмегі зор.

құс3

«Бұл жылыжайды ұстаудағы мақсатымыз – балалардың биология пәнінен білімдерін жетілдіру. Яғни, өсімдіктердің қалай өсетіндігін, әрбір кезеңін бақылап отыруға мүмкіндік бар», – дейді мүғалім Гүлзира Назаралиева.

құс6

Бұл аз десеңіз, мектеп оқушылары өнертапқыштықтарының арқасында суды 40 градусқа дейін жылытатын коллектор құрастырып шығарған. Нәтижесінде электр энергиясын үнемдеп, асхананы толықтай ыстық сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік берді. Алдағы уақытта да жеткіншектер ғылыми жаңалықтар ашып, оны білім саласын жетілдіру жолына жұмсамақ.

құс5

 

 

Талқылау