Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық оқушы қыз президенттен сыйлық алды

Қызылорда қаласындағы №112 мектептің 2-сынып оқушысы Айлина Кәрбозова Елбасының атынан сыйлық алды, – деп хабарлады Облыстық білім басқармасының баспасөз қызметінен.

20160206091034

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлайды.

Былтырғы жылдың желтоқсан айында ол Президент Нұрсұлтан Назарбаевқа арнап хат жазған болатын. Онда бірлік пен ынтымағы жарасқан елде өмір сүріп жатқанын мақтан тұтып, ашық аспан астында бақытты балалық шақ сыйлаған Елбасыға алғысын білдірген.

Оқушы қыз хатын: «Мені анам қалай жақсы көрсе, сіз де Астананы солай жақсы көресіз. Сіз мемлекетімізге адал қызмет көрсетесіз, сондықтан сізді әлем сыйлайды. Мен де өскенде халыққа пайдамды тигізгім келеді», – деп аяқтапты.

Хатты поштамен жібергеннен кейін бірнеше аптадан соң ҚР Президенті Кеңсесінің бастығы Махмұд Қасымбековтің қолы қойылған жауап хат келеді.

Онда Айлинаға Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы «Сабақты үздік оқы, еңбекқор болып өс. Алдыңа қойған мақсатыңа табандылықпен жетіп, еліңе пайдалы азаматша бол», – деп тілек білдіргені жеткізілген.

Хатпен бірге Елбасының өмірі мен еңбек жолы туралы жазылған «Біздің Президент» деректі повесі сыйлыққа берілген.

Талқылау