Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық оқушы әтір жасаудың тың әдісін ойлап тапты

Ғылыми ізденістерінің нәтижесінде, тың жаңалық ашқан Ақмарал Бисенова Назарбаев зияткерлік мектебінің 12-ші сыныбында оқиды. Талапты жас әлемдік парфюмерия саласын дүр сілкіндірді десек болады. Ол небәрі 5 минуттың ішінде, қарапайым микротолқынды пешінің көмегімен хош иіс жасауға болатынын дәлелдеді.

духи2

Бұл туралы Stan.kz  сайтының өңірдегі тілшісі хабарлайды

«Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, хош иіс суға қажетті ароматизаторларды дайындау үлкен еңбекті әрі ұзақ уақытты қажет етеді. Көздеген нәтижені алу да оңай емес. Ақмарал жасаған сынақ сәтті аяқталды. Енді біз арнайы бизнес-жоспар жасап, бұл идеяны әрі қарай дамытуды көздеп отырмыз», – дейді Ақмаралдың ғылыми жетекшісі Нұрбол Аппазов.

духии
Жалпы, парфюмерия мен фармацевтикаға, тамақ пен бояу өнеркәсібіне қажетті ароматизаторлар 2 және 48 сағат аралығында алынады екен. Бір жылға жуық уақыт ізденген жеткіншек бұл процесті 30 есеге қысқартты.

Ақмарал Бисенова ароматизаторға негіз ретінде мұнай қалдығын пайдаланған. Ал, пайда болған хош иісті ұзақ сақтау үшін катализатор мен сірке суын қолданған. Болашақта биохимик болуды армандайтын бойжеткен бұл жоба экономикалық әрі энергетикалық тұрғыда тиімді екенін айтады. Алдағы уақытта бұл әдісті пайдалану арқылы, отандық өнімнің сапасын арттыруға үлесін қосуды мақсат етеді.

Талқылау