Қызылордалық офицерлер керемет билерімен көпшілікті таңқалдырды (фото)

Сенбі, 7 Мамыр , 2016 10:54

Бүгін еліміздің түкпір-түкпірі 7 мамыр – Отан қорғаушылар күнін атап өтіп жатыр. Мерекеге орай, салтанатты шара Қызылорда облысында да ұйымдастырылды. Мұнда аймақ тарихында алғаш рет «офицерлер балы» өтті.

36363636

Бұл туралы stan.kz тілшісі хабарлайды.

Әскери қызметкерлер мен құқық қорғау органдарының мамандары бас қосқан кеш өте әсерлі болды. Әдетте, сұсты қабақ танытып, ресми киініп жүретін азаматтардың мұндай келбеті көпшілікті таңғалдырды. Әскери қызметкерлер мен құқық қорғаушылар жасанып қана қоймай, вальс билеп, өздерін жаңа қырларын танытты.

Кешке жиналғандар алдымен, 2019 әскери бөлімінің сарбаздарынан құралған оркестрдің өнерін тамашалады. Үрмелі аспаптарда ойнайтын олар тақырыпқа сай туындыларын тартты. Мұнан соң, 25 жұпқа бөлінген офицер ер азаматтар мен қыз-келіншектер вальс биін биледі. Әннің ырғағына тербеле қозғалған жандар ерекше көрікті көрінді.

“Бұл кешке көп уақыт дайындалдық. Өз басым қатты толқыдым. Бірақ, ер азамат болған соң толқығанымды жұбыма білдірмеуге тырыстым. Билеуді хореограф мамандар үйретті. Әрине, мұндай шара біздің табиғатымызға, жұмысымызға жат. Соған қарамастан жүктелген міндетті абыроймен атқардық деген ойдамын”, – деді 2019 әскери бөлімінің қызметкері Қуаныш Жаттаев.

Биден бөлек офицерлер өлең айтты. Патриоттық тақырыптағы әндер жиналғандарды рухтандырып, көтеріңкі көңіл күйге бөледі. Осылайша 7 мамыр мерекесі Сыр өлкесінде өзіндік сән-салтанатымен аталып өтілді.

343

3636

5555

6666

7575

141

7878

44444

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

10
Комментариев
  • Аноним says:

    Тамаша

  • Жұмбақ жан says:

    Керемет жигиттер 91678 аскери болимнен жалынды салем

  • Акмарал says:

    Керемет! Еліміз тыныш, ата қоныс жеріміз бүтін болсын, сол бүтіндікті сақтайтын азаматтарымыз азаймасын, аман болсын!

  • Жұмбақ жан says:

    Мағжан Ашынов

  • Жұмбақ жан says:

    Охо керемет

  • Жұмбақ жан says:

    Керемет

  • Римма Кайрбаева says:

    Куштіі қандай əдемі

  • Римма Кайрбаева says:

    Қызметіңізге табыс береке тілеймін. Əрдайым жоғарыдан көрініңіздер.Халықтың тыныштығын қалайтын сіздер ғой. Сіздердің арқаларыңызда Халқымыз тыныш болады.

  • Жұмбақ жан says:

    Сыр елі жыр елі….

  • Жұмбақ жанГүлайна says:

    Халыққа оқ атпасаңыздар екен, бір тілегім сол,Мейрамдарыңызбен!

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
29.05.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар