Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық мектеп оқушысы қысқа толқынды пешке хош иістендіргіш жасауды ойлап тапты

Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Ақмарал Бисенова шағын толқынды пеште хош иіс дайындауды ұсынады. Бұл өнертабыс әлемдегі белгілі порфюмерлердің сұранысын тудыруы мүмкін.

61da970a6c06d067c7f103d069c85f16_XL

Бұл туралы Литер хабарлайды.

Қызылордада мектеп оқушысы хош иістендіргіш жасаудың жаңа тәсілін тапты. Ол үй жағдайында бірнеше минут ішінде қажетті хош иіс шығаруға мүмкіндік береді.

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ғылыми басшысы, қауымдастырылған профессоры Нұрбол Аппазовтың айтуынша, бұл өнертабыс әлемдегі белгілі порфюмерлердің сұранысын тудыруы мүмкін. Оны басқа салада да пайдалануға болады.

«Әзірленген әдісті фармацевтикалық өнеркәсіпте дәрі дайындау кезінде, тағам, бояу өнеркәсібінде ерітінділерге, сондай-ақ полимер материалдар өндірісінде хош иістендіргіш ретінде сәтті пайдалануға болады», – деп атап өтеді Аппазов.

Хош иістендіргішке негіз ретінде мұнай қалдықтары пайдаланылады. Реакцияға ас сірке суы мен катализатор қатысады. Хош иістендіргіш затты өндіру кезінде қалдық шықпайды, сондай-ақ қоспадан тазалау үшін қосымша шығын талап етілмейді, сондықтан бұл тәсіл экономикалық тиімді саналады.

Талқылау