Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық «магнит адам» денесімен 100 келіден астам темір көтере алады

Қызылорда тұрғыны Нартай Тұрсановтың ерекше қасиеті бар. Ол магнит біткеннің бәрін денесіне жабыстыра алады.

59 жастағы Нартай Тұрсановтың бойындағы темірді тарту қасиеті осыдан 20 жыл бұрын байқалған. Ол осы қабілетін бірте-бірте арттырып,  рекордтық көрсеткішін 110 келіге дейін жеткізді.

“Циркші, спортшы емеспін. Магнит адам ғаламтордан көрсеңіздер бұны ғалымдар ешқандай дәлелдей алмайды. Бұл ғылымда тіркелмеген әлі, зерттеліп жатыр. Бұны олар да айтады құдайдың берген қасиеті дейді де қояды. Бірақ олар толық мойындайды неғұрлым биотогы күшті адамдардың соғұрлым емші екенін мойындайды”, – дейді Нартай Тұрсанов.

Өңір тұрғындары оның бойындағы магниттік қасиетін көруге құмар. Әсіресе, балта, балға секілді заттарды өзіне тартатын ер адамның қасиеті көпті таңғалдырады.

“Ол жалғыз темірді ғана тартпайды. Оған қоса әйнек-шынылар да тартыла береді. Пластмасса да тартылады. Қазақ баласының осындай қабілеті бар екенін бүкіл әлем көрсе екен, әлем таныса екен деп жатырмыз”, – дейді қала тұрғыны Кенжебай Тоғызбаев.

«Биомагнетикалық күш күнделікті тұрмыста еш қиындық туғызбайды» дейді Нартай Тұрсанов. Енді ол жеке көрсеткішті арттыруды көздеп отыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау