Қызылордалық мүгедек жездесін өлтіріп, үйін өртеп жіберген

Сейсенбі, 15 Желтоқсан , 2015 7:30

 Қызылордалық азамат бөтелкелесімен бірігіп өзінің бұрынғы жездесін өлтірген. Қасақана қастандықтан қайтыс болған азамат жалғыз өзі тұратын мүгедек болған. Ішімдікке сылқия тойғандар одан ақша талап еткен. Айтқандары болмаған соң жарым жанды тонап,тұншықтырып өлтірген. Қылмыста іздерін қалдырмау үшін соңынан үйін өртеп жіберген.

қылмыс

Қала шетіндегі саяжайда кешкілік уақытта бірге ішімдік ішіп отырған М. танысы Д-ға өзінің бұрынғы жездесінің науқастанып, балдақпен жүретінін, 2 топтағы мүгедек екенін, жалғыз тұратынын, жақында атына тіркелген автокөлігінің сатқан ақшасын үйінің сейфіне сақтағанын айтып, ақшасын жымқырып, пайда табу жөнінде ұсыныс жасаған. Д. оны қолдап, екеуі қылмыстық келісімге келген.

Сөйтіп екеуі масаң күйде М-ның жездесінің үйіне келгенде, аталғандардың қылмыстық әрекеттерінен бейхабар үй иесі А. оларды қарсы алып, ауласына кіргізген. М. үй иесінен ақша сұрап, бермегендігі үшін ұрып жерге құлатып, үйіне кіргізіп, қолын артқа қайырып жіппен байлап, ақша сақтаулы сейфінің кілтін сұрап, ұрып-соққан. Жәбірленуші кілтті және ақшаны беруден бас тартқан соң, мүгедектігіне байланысты және қолдары байлаулы болып дәрменсіз күйде жатқан жәбірленушінің аузына сол жерден тауып алған шүберекті тығып, екеулеп мұрнына және басына бірнеше қабаттап киімдер мен сүлгіні орап байлап, оны тұншықтырып, қасақана өлтірген.

Қаскөйлер жәбірленушінің 30 000 теңге ақшасы мен қолына тағып жүрген құны 80 000 тұратын жүзігін алып, қылмыс іздерін жасырып, оқиға орнын өртеп, кетіп қалған.

Қайта саяжайға жетіп, сонда тұрып жатқан сотталушы М-ның туысқан апасын ұйықтап жатқан жерінен оятып, бұрынғы некедегі куйеуін өлтіріп, үйін өртеп жібергендерін айтады. Өз кезегінде апасы сотталушы Б. қасақана жасалған әрекеттердің нәтижесінде зардабы адам өліміне әкеп соққан аса ауыр қылмыстың жасалғанын біле тұра, ол жөнінде құқық қорғау органдарына хабарламаған.

Қызылорда облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен сотталушы М. ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен (қарақшылық), 99-бабының 2-бөлігінің 3,7,8 тармақтарымен (пайдакүнемдік ниетпен адамдар тобымен алдын ала сөз байласып адам өлтіру) кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 18 (он сегіз) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын қатаң режимдегі түзеу колониясында өтеуге деп белгіленді.

Сотталушы Д. ҚР ҚК-нің 192-бабының 2-бөлігінің 1-тармағымен, 99-бабының 2-бөлігінің 3,7,8 тармақтарымен кінәлі деп танылып, мүлкі тәркіленіп, түпкілікті 20 (жиырма) жылға бас бостандығынан айырылды, жазасын ерекше режимдегі түзеу колониясында өтеуге белгіленді.

Сотталушы Б. ҚР ҚК-нің 434-бабымен (қылмыс жасалған туралы хабарламау) кінәлі деп танылды, оның көп балалы ана болғандығы және ауру екендігі ескеріліп, 3 жылға бас бостандығынан шектелді.

Айта кететін жағдай, сотталушылар М. және Д. бұрын сотты болған. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.10.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар