Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық Қожалар өзге румен жекжатдаспауды сақтауға тырысады екен

Түгіскен, Келінтөбе, Көктөбе – бұл Жаңақорған ауданының шалғай ауылдары. Бұл өңірлерде аталған дәстүр әсіресе қатаң сақталады. Алайда, соңғы уақытта облыс орталығының  тұрғындары да осы әдетті қатаң ұстауға тырысып бағуда екен.

77c2d9b3-27b1-47b8-989f-2da07829aeda

Бұл жайт жайлы халықтың өзінен STAN.KZ тілшісі сұрап көрген еді.

Өйтекні ақсақалдар мен әулеттің үлкендері мұндай қағиданы жастарға үйретіп, ата-аналарына қадағалауды тапсырады екен.

Осындай жазылмаған тәртіпке бағынбаған бірнеше жұптың оқиғасы  өңір халқының есінде. Тіпті руға бөлінуге қарсылар топтасып, жиын-тойда елді мұндай әдетті қоюға  барынша шақырып, ақыл айтып отырады екен.

Түгіскен ауылының ақсақалы Зәкір Әбдірашта руға бөлінуге қарсы азаматтардың бірі. Ол тіпті мұның ұрпақ денсаулығы мен елдің арасында араздық тудыратын жаман жағы көп дейді.

«Өзім «Қожа» емеспін. Бірақ ауылдастарымның  жағдайын көріп жағамды ұстаймын. Бұл – өз-өзімізді бөлу. Мұндай ұстанымның қандай қағидаға сүйене отырып жүзеге асырылатынын да түсінер емеспін. Аздаған ғана адамдар тобы, өзара  қыз алысаберетін болса балаларының қаны қалай таза болады? Олар өздері «Таза қанымызды сақтауымыз керек дейді» бұл керісінше ұрпақтың қанын бұзып жатыр»,-дейді Зәкір Әбдіраш.

Тіпті махаббаттары жарасқан жұптар да осы мәселенің төңірегінде айрылысуға мәжбүр болады екен.

Өзін Сәния деп таныстырған ару басынан өткен жағдайды көзіне жас ала отырып баяндап берді.

«Біз Нұржанмен қалада танысып үш жылдай жүрдік. Ол үйлену мәселесіне келгенде кібіртіктеп қалатын.  Студент кезімде мән бермедім. Оқу бітіріп жұмыс істей бастаған тұста ол ауылына барып жоқ болып кетті. Сол кезде ата-анасының кеңесімен үйленіп алыпты. Іздеп барып менің руымның әулеттерінің талабына сай келмегенін түсіндім»,- дейді Сәния.

Ал, Зәкір ақсақал өзі тұратын ауылда  бұл оқиғадан да өткен қайғылы жағдайлардың болғанын есіне алады.

«Ауылдасымыздың жалғыз ұлы ешкімнің сөзін тыңдамастан қаладан келін әкелді. Әулеттегілер жақтырмағаны рас. Келінді түртпектей берген болу керек. Бар кінәсі Қожа еместігі ғой баяғы.  Төркініне кетіп қалды. Екі күн өткеннен кейін жалғыз ұл асылып қалды. Енді бұдан өткен сорақылықты білмеймін мен. Бірақ, ауылдастар бұл оқиғадан да сабақ алмаған сияқты»,-деп күйінеді ақсақал.

Самат Қуанышбаев есімді жігіт  екі жыл бұрын шаңырақ көтерген. Жары да Қожаның қызы. Олруластарының арасындағы мұндай жағдайларды жоққа шығармайды.

«Мен оқу бітіріп келгенде анам қазіргі жарыммен таныстырған болатын. Үйлен тағы басқа артық сөз, талап болған жоқ. Біз бір-бірімізді ұнатып қалдық. Содан отбасын құрдық. Ал,үйде меннен бөлек бір қарындасым бар. Анам оған үнемі «Қожаның жігітіне тұрмысқа шық. Қаныңды сақта» деп айтып отырады. Әулет болып, руластар жиналған кезде де әзіл-шыны аралас  біз «Ақсүйектерміз» дейтіндер көп»,-дейді Самат Қуанышбаев.

 

 

 

Талқылау