Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық кітапханашылар кітаптардан Қазақстанның картасын, киіз үйін жасады

Көпшіліктің қызығушылығын тудырған айрықша инсталяцияны Әбділда Тәжібаев атындағы облыстық ғылыми-әмбебап кітапханасының қызметкерлері құрастырған.

4444 киіз уй кітап кітап2

Композицияның ұзындығы 2 метрден асса, ені 4 метрге жуықтайды. Барлығы 1500 кітап пайдаланылған. Бір ерекшелігі бұл туындылардың барлығы Сыр елінде дүниеге келген ақын-жазушылардың шығармалары. Осылайша кітапханашылар оқырмандардың қызығушылығын арттырып, олардың қатарын көбейтуді мақсат етеді.
«Биыл Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл толады. Бұл картаны осы мерейтойға орайластырып құрастырдық. Көпшіліктің қызығушылығын оятып жатқандығы қуантады. Бірнеше күн жасаған еңбегіміз зая кетпеді», – дейді кітапхана директоры Нұржамал Мырзамұратова.
Көрмеге картадан бөлек қойылған өзге де туындылар таңдай қақтырады. Кітаптан құрастырылған киіз үйді жасауға 500-ге жуық оқулық кеткен.

Талқылау