Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық кәсіпкер Қазалы ауданындағы тұрмысы төмен отбасыларын арзан өніммен қамтамасыз етуде

Қызылорда аудан халқын сапалы әрі арзан азық-түлікпен қамтамасыз ету жұмысы Қазалыда бір жолға қойылған. Әйтеке би кентіндегі әлеуметтік дүкеннің ашылғанына төрт айдан асты.

20151222220804

Онда халық тұтынатын азық-түлік өнімдері мен көкөніс, ет, балық, күріш, сүт өнімдері нарық бағасынан 10-15 пайыз төмен бағада сатылады. Бұл туралы Қазалы аудандық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жеке кәсіпкер Раушан Қожағұлова бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында бірінші кезекте арзан өніммен аудандағы тұрмысы төмен отбасыларын қамтамасыз етуде. Осы жаңа сауда нысанын пайдалануға беру арқылы 5 жаңа жұмыс орнын ашты.
Жеке кәсіпкер қазіргі таңда азық-түлік тауарларын Шымкент, Павлодар, Тараз қалаларынан делдалсыз, тікелей өндірушілерден тасымалдауда

 

Талқылау