Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық ғалымдар күріштің жаңа сұрпын шығарды

Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш ғылыми зерттеу институты шетелдің элиталы тұқымдарын нарықтан ығыстыратын «Сыр сұлуы» сұрпын шығарды. Сондай-ақ түйе-жоңышқа мен арпаның да өнімділігін арттырмақ.

f96994262bf30b7f016ab5f831e44397_L

Бұл туралы “Хабар 24” хабарлайды.

Қызылордалық ғалымдар еңбек күші мен су ресурстарын үнемдеудің де тың технологияларын қатар дамытып келеді. Институттың тәжірибелік алқабында түйежоңышқаның жаңа сорты сынақтан өтуде. Сыр өңірінің ауа райына қолайлы бұл тұқымға «Алаула» деген ат беріліп отыр. Адам бойынан да биік өскен бұршақ тұқымдастың ерекше қасиеттері көп. Ең бастысы – құрамында малға жақпайтын кумарин жоқ әрі өнімділігі бірнеше есе жоғары.

“Түйежоңышқаның көбісінде кумарин деген зат болады. Сол кумарин орып болғаннан кейін дұрыс өңделмесе бикумарол деген затқа айналады. Ол – улы зат. Ал мынада ондай зат жоқ, сосын мұны мал жақсы жейді”, – дейді Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ ғылыми қызметкері Өмірзақ Аймұхамедов.

Ал «Сыр сұлуы» деп айдар таққан күріштің жаңа сорты көп ұзамай Қызылорданың брэндіне айналуы ғажап емес. Ыстық, құрғақ ауа райына бейімделген бұл сұрыптың әр гектарынан 90 центнерге дейін өнім алуға болады. Өнімділігі элиталы тұқымдардан кем түспейді және тауарлық сапасы да жақсы.

“2020 жылға қарай Қызылорда облысында егілетін күріш көлемінің 50%-ын өзіміздің Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми зерттеу институтының тұқымдарымен егетін боламыз. Біз оған уәде береміз. Қазір көбіне «Лидер», «Янтарь», «Титанға» көңіл бөліп жатыр. Олардың барлығы Ресейдің сорттары”, – деді Ыбырай Жақаев атындағы қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ директорының орынбасары Әсет Тоқтамысов.

Күріштің құрғақ жерде өсуі тіршілік нәрін үнемдеуден бөлек, селекциялық зерттеулерге де қолайлы болып тұр. Әдетте институттың ғылыми қызметкерлері шыжыған шілдеде тізеден су кешіп жүріп, будандастыру жолымен жоғары сұрып алу жолында тер төгетін. Енді топырағы сортаң келетін Сыр өңірінде тамшылатып суару арқылы ақ күрішті көктетуге болатыны дәлелденді.

Оқи отырыңыз:

Халық банкі Қазкоммерцбанкті сатып алды

Елімізде жекешелендіру аясында 125,5 млрд. теңгеге 451 нысан сатылды

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Келесі жылы ең төменгі зейнетақы өмір сүру минимумынан екі есеге артады

Талқылау