Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық дәрігерлер науқасқа немқұрайлы қарап, тиіс емес орындарға жатқыза береді

Қызылордалық ақ халатты абзал жандар ауруханадағы орын жетіспеушілігімен осылайша күресуді ойластырған көрінеді. Бұл туралы Stan.kz сайтының редакциясына Шолпан Нұрылдаева есімді қала тұрғыны хабарлады.

7

2014 жылдан бері онкологиялық ауруға шалдыққан жан дәрігерлердің өзін қалай емдеп жатқаны туралы айтып берді.

5

Аяқ астынан қатерлі дертке шалдыққан Шолпан Нұрылдаева моральдық тұрғыдан қатты қажығанын мойындайды. Бірнеше жылдан бері Қызылорда облыстық онкологиялық орталықтың табанын тоздырған ол қажетті емімді ала алмай жүрмін дейді. Бұған жергілікті дәрігерлердің салғырттығы себеп екенін айтады. Бастапқыда 45 жастағы кісіге алматылық дәрігерлер «Жатыр мойнының және линфо ағымдарындағы онкологиялық ауру» деген диагноз қойған. Осыған мән бермеген қызылордалық мамандар науқасты тек жатыр мойнының рагінен емдеген.

1

Екінші диагнозға мүлдем назар аудармаған екен. «Қашан келсек те орын жоқ. Күт-күт деумен келеді. Қазіргі күні сол бүйрегім мүлдем жұмыс істеп тұрған жоқ. Кіші дәретке шыға алмай қалдым. Ота жасалып, түтікше салынды. Операцияның өзі уақытынан кеш жасалды. О баста біздің дәрігерлер дұрыс диагноз қойғанда, менің жағдайым дәл мұндай болмас еді», – деп күйінеді Шолпан.

8

Қызылордада ем қабылдап жүрген Шолпан Нұрылдиева бірнеше мәрте Астанаға да барып, сол жақтағы мамандардың қарауында болған. «Астанаға барғанымызда Қызылордалық дәрігерлер жазып берген жолдама түкке де жараған жоқ. Осы құжатпен тегін ем аласыңдар деп сендірген еді. Бірақ Елордаға барғанымызда емді ақылы түрде алдық. Қызылордалық дәрігерлер тым болмаса, жолдамада кеткен қатені жөндеп, қайтадан факс арқылы салып жіберуге жарамады. Бірнеше рет арыздандым. Облыстық денсаулық басқармасының басшысының қабылдауында да болдым. Өзгерген ештеңе жоқ», – дейді Шолапнның қызы Ботагөз Жүсіп.

3

Бүгінде Шолпан Нұрылдаева онкологиялық орталықта емін жалғастыруда. Үйінен қатынап, химия қабылдап жүр. «Күнде келгенімде өзімнің палатама келіп жатып, емімді қабылдайтынмын. Бүгін келсем, дәрігерлер менің орнымды басқа біреуге беріп жіберіпті. Маған ординаторлық бөлмеге жата салыңызшы немесе аға медбикенің кабинетіне төсек салып берейік деп қарап тұр. Бұл не сұмдық. Сонда мен көрінген жерге жата саламын ба? Мен ерігіп жүрген жоқпын ғой», – деп ашынады Шолпан Нұрылдаева.

9

Осы жағдайға байланысты облыстық онкологиялық орталық бас дәрігерінің орынбасарынан сұхбат алғымыз келген болатын. Бірақ Дариға Өтегенова түсініктеме беруден бас тартты. Кейіннен, Қызылорда облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысына хабарластық. Ол кісі: «Түсіңсеңіздерші, бүгін мереке. Жылына бір рет келетін мерекеде адамның көңіл-күйін бұзбаңыздаршы. Жауапты кісі де шашын ретке келтіріп, бетін әрлеуі керек қой. Сіздерге сұхбат бергеннен кейін, көңіл күйі болмай қалады», – деген жауап қатты. Айтқандай, бүгін медицина қызметкерлерінің күні.

Жіберіп алмаңыз:

Қызылордалық хирургтар адам ішінен шыққан заттарды көрсетіп таң қалдырды

Қызылорда дәрігелері  баланы 5 жыл бойы басқа диагнозбен емдеген

Талқылау