Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда тұрғыны қызының балабақшада балық котлетін жеп ауруханаға түскенін айтып ашынады

Қызылорда қаласының тұрғыны Нұргүл Қозбақова бірнеше күннен бері қызы Айшаның жанынан бір елі алыстамайды. Баласының денсаулығы сыр беріп, ұшынуына жас ана «Золотой ключик» балабақшасының ұжымын кінәлайды.

Клип.00_02_22_08.Still005

Бұл туралы Stan.kz сайтының Қызылордадағы тілшісі хабарлайды.

Қызымен бірге облыстық жұқпалы аурулар ауруханасынан бір-ақ шыққан Нұргүл баласының науқастануына балықтан жасалған котлет себеп болуы мүмкін екенін айтады.

Клип.00_02_25_19.Still001

«Қызым Айшаны таңертеңгі уақытта келінім балабақшаға апарып тастаған болатын. Баланың көңіл-күйі мен денсаулығы жақсы болатын. Мазасызданып тұрған жоқ еді. Кешкісін баламды алып кетуге бара жатсам, тәрбиешісі ұялы телефоныма хабарласты. Түскі ұйқыдан кейін Айшаның құсып, ауырып отырғанын айтты. Дереу жетіп, қызымды үйіме алып келдім. Дәрі бердім. Бірақ құсуын тоқтатқан жоқ. Түнде жедел-жәрдем шақырып, ауруханаға түстік», – дейді анасы Нүргүл.

Клип.00_01_00_02.Still004

Нұргүлдің айтуынша, балабақшада сол күні түскі асқа балықтан жасалған котлет беріліпті. Су маржанының сапасыздығынан Айшаның ауырып қалғанын айтады.

«Менің ойымша, балықтан ұшынған. Әдетте қызым балықты сүйсіне жейтін. Сол күні котлет құсты. Балабақша қызметкерлері ауруханаға келіп, жағдайымды сұрады. Еш жерге шағымданбауымды өтінді. Тіпті балабақшаның бір ай төлемақысын төлеп беруге дайын екендерін айтты. Мен бас тарттым», – дейді Нұргүл.

Айша жуырда бұл мемлекеттік балабақшағы жеке бөбекжайдан ауысып келіпті. «Бұрын «Шұғыла» балабақшасына барған болатынбыз. Ол жақта балаларға қажетті жағдайдың бәрі жасалған. 5 мезгіл тамақ береді. Ойыншықтарының бәрі жақсы. Ал, мына «Золотой ключикте» балаға керек-жарақтың бәрін өзіміз апарып жүрміз», – дейді жас ана.

Клип.00_02_15_21.Still003

Болған оқиғаның мән-жайын білуге балабақшаға барған едік. Бөбекжай меңгеруші асхананы көрсетіп, түсірілім жасауымызға қарсылық танытты. Тек медбикемен тілдесу ғана мүмкін болды.

«Сол күні Айшадан басқа ешкім ауырған жоқ. Бізден болды деп ойламаймыз. Анасына қоңырау шалып, жағдайын біліп отырмыз. Тексеру жүргізілсе, неден ұшынғаны анықталатын шығар», – деді балабақша медбикесі Дүрия Искакова.

Клип.00_02_12_19.Still002

Алайда, балабақшада қандай да бір тексерістің жүргізіліп жатқанын байқамадық. Тиісті мекемелер бұл жағдайдан бейхабар секілді. Медбикеден котлет дайындауға пайдаланылған балықтың сертификатын көрсетуін сұраған едік. Ақ халатты абзал жан уақыты дұрыс белгіленбеген қағазды қолымызға ұстатты. «Күні мен айы дұрыс қойылмапты ғой, – дегеннен әрі аса алмады.

Қазір Нүргүл қызымен бірге үйіне шығарылды. Айшаның жағдайы бірқалыпты. Ем-домын үй жағдайында жалғастырмақ. Жас ана қызын басқа балабақшаға ауыстыруды ойластырып жүргенін айтады.

Жіберіп алмаңыз:

Премьер-министр азық-түлік бағасының қымбаттағаны үшін әкімдерге ұрысты

Ақтаулық қос бүлдіршіннің химиялық заттан уланып өлгені анықталды

Ақтөбеде оқушы қызын жетектеген әйел бас киім ұрлап масқара болды (видео)

Талқылау