«Алтын белгі» иегері түлектерге қажетті 10 кеңесімен бөлісті

Сәрсенбі, 17 Ақпан , 2016 14:25

Елімізде оқу маусымының үшінші тоқсаны да аяқталуға жақын. Маусым айында жылдағыдай ұлттық бірыңғай тестілеу басталады. Осылайша, мектеп түлектері 11 жыл бойы алған білімдерін сындарлы сәтте сынамақ.

айдана

Бұл кезең тек оқушылардың ғана емес, ұстаздар мен директорлардың да жүйкесіне қатты әсер ететіні рас. Біріншісі «жоғары балл жинай аламын ба?» деп уайым жесе, қалғандары оқушы мен өздерінің және білім ордасының абыройын қатар ойлайлы. Ата-аналар қолдан келгенше қосымша мұғалімдер жалдап, балаларын арнайы оқу орталықтарына жетектеумен әлекке түседі.

Алайда, көп жағдайда бұл әрекеттердің барлығы көздеген мақсатқа жетуге кепілдік бермейді. Дайындыққа қомақты қаражат жұмсап, күндіз-түні кітаптан басын көтермеген балалар тіпті межелі балды да жинай алмай қалып жатқан кездері аз емес.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қалай дайындалу керек? Бұл сұрақты 2011 жылы мектепті үздік бітіріп, «Алтын белгі» иеленген талапты жас Айдана Омарбековаға қойған едік. Ол Қызылордадағы жоғары оқу орындарының бірін бітіріп, қазіргі таңда қаладағы банкте жұмыс жасап жатыр. Сынаққа дайындалудың қыр-сырымен бөліскен ол, мектеп түлектеріне төмендегідей 10 кеңесін берді.

1. Ұлттық бірыңғай тестілеуге дайындықты негізінен 9-сыныптан кейін бастаған дұрыс. Сол уақыттан бастап алдыңғы сыныптарда өткен бағдарламаларды қайталап отыру қажет.
2. Қазір мектеп түлектерінің барлығы репититорлар жалдап, оқу орталықтарына барып дайындалады. Менің ақылы түрде мұғалімдерді жалдауға материалдық мүмкіндігім болған жоқ. Оның үстіне өз біліміме өзім жауапты екенімді жақсы түсіндім. Ұстаздар тек көмек бере алады. Ал өткен бағдарламаны игеру адамға байланысты. Сол себептен ата-ананы бос шығындаудың қажеті жоқ деп санаймын.
3. ҰБТ-дан шыққан түлек «Жаттаған сұрақтарым келген жоқ», – деп ренжіп жатады. Сынаққа тест жаттап дайындалу үлкен қателік деп ойлаймын. Тәжірибелі мұғалімдер менімен келісетін шығар. Тест жаттағаннан гөрі, теориялық білімді меңгеруге талпынған дұрыс.
4. Көбіне 11-сынып оқушылары ҰБТ-ға дайындалуға қатты көңіл бөліп жатады. Бұл әрине қажет. Бірақ, алдағы сынаққа тым бағытталып кетпеу керек. Сабақтан бөлек басқа дүниелермен де айналысу қажет. Спортпен шұғылданып, достармен пікірлесіп отырған дұрыс.
5. Естеріңізде болсын, ұйқы келіп отырып, сабаққа дайындалудың еш пайдасы болмайды. Қанша кітап оқысаңыз да шаршаған ми жаңа ақпаратты қабылдай алмайды. Ең дұрысы ертерек ұйықтап, таңғы сағат 4-5-тер шамасында тұрып, дайындалған дұрыс.
6. ҰБТ-ға дайындалу үшін қажетті кітаптардың барлығын бірден сатып алу да кесірін тигізеді. Қайсысынан бастаған дұрыс деп біраз қиналуың мүмкін. Оның үстіне ата-анаңның қалтасына да ауыр тиеді. Ең дұрысы бұрын пайдаланылған оқулықтарды оқыған жөн.
7. «Физика», «Химия» пәндерін таңдаған болсаңыздар, қиын формулаларды қағазға шығарып, бөлменің әр бұрышына іліп қойған дұрыс. Көз үйренген соң, оны ұмытпайсыз. Мұндай әдісті «Дүниежүзі тарихы», «География» пәндерін қалағандар да пайдаланса болады.
8. Ұлттық бірыңғай тестілеуді сәтті тапсырып шығу – сенің ғана міндетің. Сол себептен бұл тұтас отбасыңның бас ауруына айналып кетпеуін қадағала. Егер өз біліміңе сенбесең, кейін шегінуге мүмкіндігің бар екенін ұмытпа.
9. «Алтын белгі» үміткерлеріне зор жауапкершіліктің жүктелетіні белгілі. Бірақ, бұл күндіз-түні сары уайымға салынып, депрессияға ұшырап кетуге себеп емес.
10. ҰБТ алдында мектепте тапсырылатын сынама тестерінің нәтижесін ұдайы бақылауыңа ал. Қай пәннен аз балл жинасаң, сол пән бойынша дайындықты үдет. Ең бастысы, «дайындықты ертеңннен бастаймын» деген ойдан арыл. Ертең деп жүргенде сындарлы сәттің келіп қалғанын байқамай қалуын әбден мүмкін.

«Ең бастысы қобалжудың қажеті жоқ. ҰБТ-да жақсы нәтиже көрсетудің басты формуласы осы», – дейді Айдана. Осылайша түлектерге қажетті кеңестерімен бөліскен ол жастарға сынақты тапсыруда сәттілік тіледі.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

1
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
22.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар