Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордалық 70 жастағы ақсақал 500 шақырым жолды жүгіріп өтті

Семей полигонының ардагері, Арал қаласының 70 жастағы тұрғыны Серік Өтебалиев туған қаласынан Қызылордаға дейін 500 шақырым жүгіріп өтті. Қария өз марафонын ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен Семей ядролық полигонының жабылуына 25 жыл толуына арнаған.

20160525032409

Сурет: www.inform.kz 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

«Мен өзім полигонда армия қатарында қызмет еттім. «Невада-Семей» антиядролық қозғалысы басталғанда, соның қатысушысы атандым. 500 шақырымды жүгіріп өту арқылы жерлестерімнің назарын осы екі тамаша датаға аударғым келді. Жиырма бес жыл бұрын Семейде ядролық полигон жабылды. Бұл егемен Қазақстанның тарихындағы ең алғашқы маңызды саяси қадамдардың бірі еді», – деп еске алды ақсақал.

Марафоншыны достары мен замандастары, жастар мен жұртшылық өкілдері мәре сызығында күтіп алды.«Біздің Сәкені мақтан тұтамыз. Ол өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге көрсетіп жүрген жандардың бірі», – дейді қалалық полигон ардагерлері қоғамының жетекшісі Бархан Ақылбаев.

Сыр елінің жастары қарт марафоншының бұл әрекетін өте жоғары бағалады. Мәншүк Мәметова атындағы Қызылорда гуманитарлық колледжі студенттік кәсіподақ ұйымы мен басшылық атынан ақсақалға арнайы жүлде табыс етілді.

7b380fc850930f1325544b67afc5f8e9

«Нұр Отан» партиясы Қызылорда облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ибадолла Құттықожаев қарияны партия атынан алғыс хатпен марапаттады.

Қызылорда облысының әскери комиссары, генерал-майор Әлімжан Ерниязов облыстық қорғаныс істері департаментінің атынан алғыс хат табыстады.

Жіберіп алмаңыз:

Жасөспірім сал ауруына шалдыққан інісін арқалап 178 шақырымды жүріп өтті (фото)

Талқылау