Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы ықшамаудандардың біріне Назарбаевтың есімі берілмек

Қызылорда қаласындағы ықшамаудандардың бірі президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атымен аталуы мүмкін.

1204928

Фото: Sputnik / Анатолий Устиненко

Бұл туралы Sputnik Казахстан хабарлайды.

Сейсенбі күні өткен облыстық мәслихаттың сессиясы кезінде қоғамдық кеңес төрағасы Самұрат Имандосов осылай деп мәлімдеді. Айтуынша, жаңадан бой көтерген ықшамауданға “Нұр Орда” деген атау берілмек. Аталмыш қалашықтың іргетасын кезінде Назарбаевтың өзі келіп қалаған екен.

“Әсем Астанаға ұқсайтын жаңа ықшамаудан президенттің есімімен аталуға лайықты”, – деді Имандосов. Сонымен қатар, облыс тұрғындары Арал проблемасын шешуде атқарған орасан еңбегі үшін Арал қаласында мемлекет басшысының ескерткішін тұрғызу туралы ұсыныс білдіруде.

Еске сала кетсек, жақында ғана Талдықорғанда Елбасының жаңа ескерткіші ашылған еді. Сондай-ақ, облыс аумағында Нұркент деп аталатын жаңа аудан да бой көтеріп келеді.

Оқи отырыңыз:

Неміс маманы Рахат Әлиевтің кісі қолынан қаза тапқанын жариялады

Иманғали Тасмағамбетов қазақ тілінің мәртебесі туралы өлең оқып берді (видео)

Туыстары Әблязовтың бостандыққа шыққанын айтып сүйінші сұрады

Жақсыбеков Тоқаевқа: Сіз Астанаға жуынуға келдіңіз бе? (видео)

Талқылау