Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордадағы мешіттің жанын жастар ойын-сауық пен махаббат бекетіне айналдырып жіберген (фото)

Жақында Қызылорда қаласындағы “Ақмешіт –Сырдария” мешітінің жанында субұрқақ пен жайлы орындары бар кішігірім саябақ бой көтерген болатын. Бүгінде сол аумақ сауда-саттықтың ордасына айналып, ал жастар қасиетті үйдің алдын махаббат бекетіне айналдырып жіберген.

47

Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.

Мешіт айналасындағы саябақта бәрі бар. Велосипедті жалға берушілер мен түрлі тәттілерді саудаға шығарған сатушылар осында жиналып алған. Олардың қызметіне жүгініп жүрген жандар да жетерлік. Кеш түссе бітті, айнала у-шу. Ақшаға құныққан жандарды дәл жанында Алланың үйі орналасқаны алаңдатпайтындай.

Қалай болса солай сөйлеп, дөрекі қылық танытатындарды тәртіпке шақырып жүрген ешкім де жоқ. Темекісін шегіп, сырасын ішіп кететіндер айналасын бүлдіріп, ластап кетіп жатыр. Намаз оқылып, азан айтылатын қасиетті жердің киелілігіне мән беріп жатқандарды да кездестіру қиын.

54

Бүгінде бұл мәселе әлеуметтік желілерде қызу талқыланып жатқан тақырыптардың бірі.

“Ақмешіт Сырдария” мешітінің алдыңғы аумағы парк секілді. Кеш қарая жалға берілетін мәшиненің ойыншық түрі, велосипед, попкорн, мергендер мекені, балалар үй алаңы осында. Ақша алмасу. Ал мешітте намаз оқылып жатыр. Ұят емес пе? Алла үйінің әдебіне қайшы емес пе? Қалай ойлайсыздар? Екінші, субұрқақ жанында отбасымен барып балаларды ойнату қауіпті. Кешенің өзінде велосипедпен бір баланы басып кетті. Астында қалған баланың шыңғырғанынан жүрегіміз ауырды. Тым болмаса осыны реттеп дәл осы жерден велосипедті құртуға болмай ма? Парктің маңдайшасы мен аттракциондарын көтеріп әкелуге белдері жарамайды. Болмаса оны да жасар еді. Осы дұрыс па енді?” , – деп өз парақшасына жазба қалдырған желі пайдаланушысы Нұрбике Құдайбергенованың пікірін қолдай кеткендер көп болды.

85

Ең өкініштісі, субұрқақ айналасында отырған ғашықтар мешіттің айналасын нағыз махаббат бекетіне айналдырып жіберген. Ешкімнен қысылмай, сезімдерін ашық көрсетуге ұялмайтындар көп.

0S5A0034[1]

Расымен, иманға бет бұрып, намазға жығылған жамағат та бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп отыр. Мұсылмандық парызына адал азамат Айбек Әлім осы тұрғыда пікірлерімен бөліскен еді.

77

“Мешіттің айналасы тыныш болуы қажет. Қазір паркке айналған. Мешітке келген адам тыныштық іздеп келеді. Рухани тұрғыда ләззатқа бөленгісі келеді. Бүгін барсаңыз айналасы деген у-шу. Музыка қойып қоятындар да кездеседі. Бұған қарап қынжыламыз”, – дейді ол.

63

Жергілікті имамдар да бұл жағдайға бейжай қарамайтындарын айтуда. Алдағы уақытта олар бұл проблема оңынан шешіледі деп сенеді.

Талқылау