Қызылордадағы атышулы шыны зауытын салғандар жарты жылдан бері жалақысыз жүр

Сәрсенбі, 31 Мамыр , 2017 21:43

Зауыттың құрылысын жүргізген «Шымкентхиммонтаж» компаниясы 350 жұмысшысына желтоқсан, қаңтар және ақпан айларына 100 миллион теңге қарыз. 6 ай бойғы құрғақ уәдеге сеніп шаршаған жұмысшылар бүгін Шымкенттегі бас кеңсе алдында наразылық білдірді, деп хабарлайды КТК арнасы.

шымкенттік жумысшылар зауыт

Жылдап жұмыс істеген жерінен, айлап ақшасын алмай зарыққан жұмысшылар, бүгін бас кеңсеге келді. Қызылордадағы шыны зауытын салған «Шымкентхиммонтаж» мекемесінің жұмысшылары қыстың 3 айының ақысын әлі көрмеген. Жұмыс та жоқ.

«6 балам бар. Күніге айғай-шу үйде», – дейді жұмысшы Ермахан Құнарбаев.

«Заңды түрде кіргенбіз. Қашу ғой бәрінікі. Күнде алдайды», – дейді жұмысшылардың бірі Тоқтасын Сыздықов.

Төзімі таусылған жұмысшылар кеңсеге басып кіріп, басшының шығуын талап еткен. Бірақ бұл жолы да жауаптылардан ешкім жоқ. Есепшісі болса, ақталып әлек. Әйтсе де, жалақының қашан боларын ол білмейді.

«Қазіргі басшыларымыз ақша іздеп Қызылордада жүр. Шыны зауыты біздің мекемеге 200 миллион теңге қарыз. Ақша аударылса, бірден жалақы берер едік. Ал «Шымкентхиммонтаждағы» бүкіл түйткіл бұрынғы басшымыз Марат Қожабаев қамауға алынған соң басталды», – дейді «Шымкентхиммонтаж» ЖШС бухгалтері Светлана Балабанова.

Қазір қамауда отырған Қожабаев Қызылорда шыны зауытына бөлінген қаржыны бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевпен бірге жымқырды деген күдік бар. Сол үшін қаңтардан бері мекеменің бүкіл есеп-шоттары да бұғатталыпты. Ал, жоспар бойынша осы мамыр айында ашылуы тиіс зауыт әлі тоқтап тұр.

Қазір «Шымкентхиммонтаж» мекемесі 350 жұмысшысына 97 миллион теңге берешек. Нақты қашан берілерін де ешкім дөп басып айта алмайды. Ал алты айдан бері облыстан бастап астаналық құзырлы органдарға жазып нәтиже шығара алмаған жұмысшылар енді бірер күнде жауап болмаса наразылық шарасы ретінде «Шымкентхиммонтаж» ғимаратының алдында жалақы алғанға дейін жатуға бел буып отыр.

Жіберіп алмаңыз:

Жамбыл облысының тұрғыны науқас қызының емі үшін көрпе тігіп сатады (фото)

Атырауда анасын қорғамақ болған 9 жасар баланы әкесі аяусыз ұрып тастады

Алматыда жолақысы 150 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін

Жүрегі ауыстырылған қазақстандық азамат трансплант-ойындарының жүлдегері атанды

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

0
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
19.08.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар