Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жүз жастағы әжейдің тісі шығып, ағарған шашы қарайып жасарып келеді (фото)

Ғасыр жасаған кейуананың ағзасы жасаруға көшті. Мамандардың айтуынша, тіс-жақтың дамуы екі кезеңмен жүреді. Ол сүт тістердің және тұрақты тістердің шығуы. Сондықтан, кейуананың бойындағы өзгеріс дәрігерлерді де таңғалдырды.

1687039

Бұл туралы Қазақстан арнасы хабарлады.

Раушан әжеге бір айдың ішінде екі тіс шықты. Бірақ оның өзі оңайға соққан жоқ, мазасы кетті, дене қызу көтерілді. Таңдайы ісіп, тамақ ішуі қиындады. Өзі де қиналды, өзгелерді де әбігерге салды. Қазір де әже ештеңені де жақтырып тұрған жоқ.

1687039

«Бастапқыда байқаған жоқпыз. Маза кетіп ауыра бастады. Үш күннен кейін қызыл иегін жарып екі тіс шықты», – дейді келіні Майра Шәріпқызы.

Мамандардың айтуынша, тіс жақтың дамуы екі кезеңмен жүреді. Ол сүт тістердің және тұрақты тістердің шығуы. Сондықтан кейуананың бойындағы өзгеріс дәрігерлерді де таңғалдырды. Әжейдің бұдан бөлек ағарған шашы да қарая бастады. Мұны күн сайын шашын тарайтын немересі бірінші болып байқаған.

1687039

«Бұл өзгеріс әженің денсаулығының жақсы болуынан деп ойлаймыз. Себебі бұл кісі бізде ешқандай аурумен есепте тұрған жоқ. Ешқандай дәрі қабылдамайды. Жүрек, бауыр, бүйрек секілді ішкі ағза мүшелері қалыпты деген сөз», – дейді дәрігер Жазира Ағайдарова.

Жалпы әлемдік тәжірибеде адам күтінер болса, екі жүз жылға дейін өмір сүре алады. Ал қайта жасару процесі кез келген адамда болмайды.

Бұған дейін дәрігерлер мұндай құбылысты Жаңақорған ауданының 101 жастағы тұрғынынан байқаса, бұл екінші жағдай болып отыр.

 

Талқылау