Қызылордада жұмыссыз қалғандар қымбат көліктерімен таксиші қызметін атқаруда

Дүйсенбі, 15 Ақпан , 2016 19:12

Қызылордада үш көліктің екеуі төбесіне «TAXI» белгісін тағып алып, ақылы негізде көпшілікке қызмет көрсетеді десек артық айтқандық емес. Соңғы уақытта Сыр елінің бас қаласында арзан қолды автокөліктерден гөрі, бағасы 3-4 миллион теңгеден асатын машиналар такси болып жүр. Олар өз жолаушыларына қарапайым таксиге қарағанда қымбаттау бағада қызмет көрсетеді.

такси3
Құны 15 миллион теңгеден асатын «BMW X-6» маркалы автокөлігі такси болып жүргенде қатты таңқалдық. Бұдан бөлек, «LEXUS GS – 300», «LAND CRUSER PRADO» машиналары да аялдамаларда кезекке тұрып, жолаушы алып жүргенін байқадық. Қымбат көліктердің жолақы бағаларын білу үшін, алдымен құны 300 мың теңге тұратын «Опель Вектра» көлігін тоқтатып, Қызылордадағы «Жайна» сауда үйіне жеткізіп салуын өтіндік. Шопыр 200 теңге деген баға қойса, құны 6,5 млн теңге тұратын «TOYOTA LAND CRUSER – 200» маркалы темір тұлпарды тізгіндеген жігіт 350 теңге сұрады. Себебін жағармайдың қымбаттауымен түсіндірді.

такси1

Расымен, шетелдік қымбат көліктердің иелері қарапайым автокөліктерге қарағанда жолақысын қымбаттау сұрайды. Құны 4 миллион теңгеден асатын «BMW X-5» автокөлігінің тізгінін басқарған қала тұрғыны Бекжан Құлмұратов та осыны растайды. Біршама уақыт бұрын несиеге машина алған ол қымбат көлігімен таксиші боламын деп еш ойламапты.
«Бұл көлікті алғанымда тұрақты жұмысым, қомақты жалақым болатын. Отбасыыммен қыдыру үшін қажет болды. Кейін жұмыстан қысқарған соң жолаушыларды таситын болдым. Көліктің көлемі 4,4. Жағармайды көп қажет етеді. Сол себептен де жолақыны қымбаттау сұраймын», – дейді Бекжан.

такси2

Бағасы өте қымбат көліктердің жолақысы қалтаға салмақ түсіргеніне қарамастан, қызылордалықтардың басым көпшілігі межелі жерлеріне қолайлы машиналарға мініп барғылары келетінін жасырмайды. Алайда, көркі көз тартар көлікпен қызмет көрсететін жүргізушілерді түсінбейтінін айтады.

Ғани Төлепов, қала тұрғыны: Егер менің қымбат көлігім болса, әрине таксиге қимас едім. Күнделікті жүрген соң, машина жиі бұзылатыны сөзсіз. Темір тұлпарға обал. Бірақ бала-шағаны да асырау керек қой.

Алмат Бекбатыров, қала тұрғыны: Өз басым қымбат көлік сатып алуды жоспарлап жүрмін. Бұл мақсатыма жеткенде таксиге салмауға тырысамын. Өйткені, көлікті сатып алуға кеткен қаражатын ақталмайды ғой. Бірақ, ақша керек болған соң, амал жоқ.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

3
Комментариев
  • Жұмбақ жан says:

    Оданда сатып жіберіп басқа көлік алып таксилік еткен дұрыс қой

  • Алашулы says:

    Оныныз рас, кымбат колыктын техникалык кызметынын озы кымбат. Кезынде акша барда алып алган енды акша жок, бырак тамак керек, не ыстейсын?! Маркум Естай деген курдасымнын созы есыме тусуп отырда: Казах без понтов, безпонтовый казах-деген.

  • Жұмбақ жан says:

    Ол өзін өзі ақтамайтын әрекет, өйткені бұзылғанда, сол тапқан ақшадан он есе артық ақша саласың.

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
26.09.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар