Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жоғалып кеткен геолог аман-сау табылды

Қызылорда облысында іс-түссіз жоғалып кеткен геологты құтқарушылар тауып алды. Ер адам Қызылорда облысы Жаңақорған ауданының Шалқия ауылынан 120 шақырым жерден аман-сау табылды, деп хабарлады ҚазАқпарат.

geolog_kyz_3

7 желтоқсан күні сағат 02:10 Жаңақорған ауданының диспетчерлік қызметіне Шалқия ауылында жүргізілген геологиялық зерттеулер барысында Алматы қаласының 50 жастағы тұрғынының жоғалып кеткені туралы ақпарат түсті. 1966 жылы туған ер азамат  «Әсемтас» ЖШС қызметкері болып табылады.

«Іздестірі-құтқару жұмыстары кезіңде дауыс ұлғайтқыштар қолданылды. Сонымен қатар кинологиялық иттердің көмегімен адам өміріне қауіпті аймақтар тексеріліп, іздестіру жүргізілді. Нәтижесінде, жоғалған Б.М.Мырзақұлов 12 сағат 15 минутта Жаңақорған ауданы, Шалқия кентінен 120 шақырым қашықтықтан табылды», – делінген хабарламада.

Ол физикалық тұрғыда шаршанқы және әлсіз күйде болды. Құтқарушылардың көмегімен дымқыл киімдері ауыстырылып, Жаңақорған аудандық емханасына жатқызылды. Іздеуге 28 адам, 5 техника және 2 іздеу иттері жұмылдырылған.

Жіберіп алмаңыз:

Қарағандыда жойқын жарылыс жасауды жоспарлаған радикалдар сотталды

Ақтөбеде мұнай ұрлығына қатысты атышулы іс бойынша алғашқы қамаулар басталды

Қарағандыда қатты желге төтеп бере алмаған аялдама ұшып кетті

Қазақстандағы өмір сүруге ең қолайлы қала анықталды

Талқылау