Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жасөспірім жолшыбай өтіп бара жатқан адамға бірнеше жерден пышақ сұқты

Қызылордада көшеде кетіп бара жатқан адамды жаралаған жасөпірім жауапқа тартылды. Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотынан мәлімдегендей, жеткіншек жолшыбай өтіп бара жатқан адамға бірнеше жерден пышақ сұққан.

nozh (1)

Сурет: gazeta19.ru 

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Жарақат салдарынан ер адамның маңызды органдарына зақым келді, абырой болғанда дәрігерлер оны өлімнен арашалап қалды.

Сот үкімімен жасөспірім адам денсаулығына ауыр зиян келтіргені үшін кінәлі деп танылып, бес жыл бас бостандығынан айыру жазасы белгіленді.

«Сот ҚР ҚК 63-бабының негізінде белгіленген жазаны шартты деп таныды, жеткіншекке қатысты тәрбиелеу сипатындағы шара қолданылды. Енді ол шартты түрде сотталғандардың тәртібін қадағалайтын мамандандырылған мемлекеттік органға хабар бермей, тұрғылықты мекенжайын, жұмыс немесе оқу орнын ауыстыра алмайды. Кешкі сегізден кейін ойын-сауық мекемелеріне баруға тыйым салынады», – деп мәлім етті сот төрағасы Айбек Әбу.

Сотталушының жүріс-тұрысын бақылауды жүзеге асыру міндеті  Қызылорданың қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне жүктелген.

Жіберіп алмаңыз:

Көкшетауда қаскөйлер екі полицейді пышақпен жарақаттап кетті

Алматыда ұры тоғыз мың теңге үшін сатушыны 48 жерден пышақтап кетті (фото)

Талқылау