Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада жаназа мен ас беруді тамада басқарып,камераға түсіру сәнге айналған

Қызылорда облысында қайтыс болған адамның әруағына арналып берілетін астарға және жаназаға телеоператорларды жалдап, таспаға түсіру сәнге айналып келеді. Кейбіреулері тіпті марқұмның қырқы мен жүзіне де камераға тапсырыс беретін болған,-деп жазды өңірдегі Stan.kz тілшісі.

құдайы

Көрнекі сурет.

Қызылордалық Дәурен Сейітовтың (есімі өзгертілген) өткен жылы әкесі дүниеден озды. Перзенттік парызын өтеу мақсатында жақындарының басын қосып, жылдық асын берген. Асқа жиналғандарды түсіруге операторларды да шақырған. Бұл әрекетін Дәурен «әкеме деген құрметім» деп түсіндірді.

«Менің әкем өз уақытында үлкен қызметте болды, елінің дамуы үшін аянбай еңбек еткен азамат болды. Ол кісіден көп ұрпақ тарады. Сол себепті ертеңгі күні немерелеріне естелік үшін таспаға қалдыруды жөн санадым. Болашақта менің әкем туралы деректі фильм әзірленсе, бұл жазбалардың керек болатынын жақсы түсінемін. Әулетіміздің үлкендері алғашында қарсы болды. Бірақ, мақсатымды түсіндіріп көндіре алдым», – дейді Дәурен.

Дәурен секілді видеоператорлардың қызметіне осы мақсатта жүгінетіндердің саны күннен – күнге артып келеді. Бұл қызылордалық видео студиялардың жұмысын жандандырмаса, еш зияны жоқ.

«Шынын айтқанда, жеке студиялар тойдың арқасында күн көріп отыр. Бірақ тойдың маусымында ғана тапсырыстардың көбейіп, кіріс болатыны жасырын емес. Қазір еске алуға арналған астарды түсіруге тапсырыс алып жатырмыз. Бір айдың ішінде 5-6 шақыртуға барамыз. Ақысы тойдың құнымен бірдей. Алғашында өзімізге ыңғайсыздау болды. Қазір үйреніп те қалдық», – дейді Елдос есімді кәсіпкер.

Бұл тұрғыда дін қызметкерлері қандай да бір қатып қалған қағиданы ұстанып отырған жоқ екендерін жеткізеді. Егер асты мешітте беретін болса, имамдардың рұқсаты болуы шарт. Ал мейрамханада берілетін астарда видео түсірілімге еш қарсылық жоқ. Әрі жиналғнадар кезекпен сөйлеп, естеліктерін айтқызу үшін, марқұмға арнаған соңғы сөздерін тыңдату үшін тамада да жалданады екен.

Оқи отырыңыз:

Алматы тұрғыны такси жүргізушісінің адам шошырлық қылығын айтып берді

Елдің таңдайын қақтырған 3 жасар Ерасыл қалай цирк әртісіне айналды? (фото, видео)

Қалыңдықтың көйлегі-2500 доллар: Шымкенттегі биылғы той трендтері (фото)

Тыңдармандар Нұрмұхаммед Жақыптың әнін Қайрат Нұртастікіне ұқсатты (видео)

Еркін Нұржанов музыка өшіп қалса да әнін жалғастырып халықты қуантты (видео)

Талқылау