Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада “голливудтық” тонау ұйымдастырғандардың соты аяқталды

«ИБК Сибу-Қызылорда» ЖШС компания қоймасы қызметкерлеріне шабуыл жасаған үш ер азаматтың ісіне қатысты Қызылорда қаласының арнайы ауданаралық соты үкім шығарды.

image

Бұл туралы BNews.kz хабарлайды.

Тонаушылар кинодағыдай сценарийді алдын ала ойластырған. Олар оңайлықпен алып қаша алмайтын бұрғы құрылғысын ұрлауды жөн көріпті.  Бұл – қымбат әрі даналап әзірленетін бұйым.

“Самат Кеңес Құмкөл трассасының маңында аң аулап жүріп “ИБК Сибу-Кызылорда” компаниясының XDEC-27 бұрғылау құрылғысына арналған қосымша заттарды сақтайтын қойманы байқап қалған. Мұнай саласынан хабары бар азамат бұл құралдардың миллионға бағаланатынын түсініп, оны ұрламақ болған”, – деп хабарлайды Қызылорда облысы қылмыстық істерді қарайтын ауданаралық соты баспасөз хатшысы Роза Хизатова.

Кеңес Самат өзімен бірге ұрлық жасауға Талғат Кенбаев пен Еркін Смаилды шақырған. Соңғысының манипулятор-көлігі болғандықтан, оған құрылғыны тасымалдау ісі жүктелген.

“Айыпталушылар “ИБК Сибу-Қызылорда” ЖШС компаниясына келген соң күзетшілердің санын анықтап, оларға шабуыл жасаған. Артынша қоймадан құрылғыларды алып манипулятор-көлікпен алып қашқан”, – деп Роза Хамитова қылмыскерлердің күзетшілерді пневматикамен қорқытқанын айтып өтті.

Үштік “ИБК Сибу-Кызылорда” компаниясын 10 475 440,5 теңге көлемінде материалдық шығынға ұшыратқан. Полиция қызметкерлері оларды бірден құрықтады. Өйткені аймақта саусақпен санарлық бұрғылау құрылғысын сату қиынға соғады.

“Сот процессі барысында айыпталушылар үкімді жеңілдетуді сұрады. Сот төрағасы Сүлеймен мырза сот отырысынан кейін екі жақты бірдей тыңдап, жиналған материалдарды зерттеп, үкім шығарды. Кенбаев пен Кеңес он бір жылға бас бостандығынан айырылды. Ал Смайл алты жылға сотталды. Үкім заңды күшіне енбегендіктен, әлі де өзгертілуі мүмкін”, – дейді Хамитова.

Естеріңізге сала кетсек, қызылордалық келіншектің оқушы қалпағын ұрлап сотталғаны туралы хабарлаған болатынбыз.

Талқылау