Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада шілде айында екі жұп үшем дүниеге келді

Қызылордада шілде айында бір мезетте екі бірдей үшем, яғни, алты сәби өмірге келді. Бір жұп үшем – ұл болса, екінші үшем – қыздар.

8a03479b36ed77512e359e941ff00296

Бұл туралы Экспресс К басылымы хабарлайды.

Қызылорда облыстық “Ана мен бала” орталығының бас дәрігері Гүлнар Жұмашеваның айтуынша, балалар уақытылы 3 келіден астам салмақпен туған.

“Бірақ үшем қыздар – Алина, Әмина және Ләйла өмірге келу үшін бізге біршама тырысып бағуға тура келді. Олар шала туғандықтан біраз уақыт дәрігерлердің бақылауында болды. Ал қазір жағдайлары жақсы. Сәбилер жақсы қоректеніп жатыр. Аналары 22 жастағы Байқоңыр тұрғыны Гүлзира Шағатаева да өзін жақсы сезінуде”, – деді бас дәрігер.

Ал үшем ұлдар Ерасыл, Нұрасыл және Жанасылдың анасы Салтанат Қарабоз 34 жаста. Оның бір қызы бар екен.

“Үлкенімнің жасы 2 жарымда. Біз күйеуіміз екеуміз ұл болса дейтінбіз. Бірақ, мынадай тосын сыйды күтпедік. Енді Аллаға шүкір біздің үш ұлымыз бар. Енді жұбайым екеуміз алдағы айларда бізге тыныш ұйқы бола қоймайтынын да сезіп тұрмыз. Бірақ ең бастысы ана бақыты мен бала денсаулығы ғой”, – дейді үшемнің анасы.

Талқылау