Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада шенеунік мемлекетке 64 млн теңге шығын келтірген

Мемлекеттік қызмет істері министрлігі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облыстық департаменті Қызылорда қаласы мемлекеттік кірістер басқармасы бастығының орынбасары Қ.Әбдіреевті ұстады.

8c1156c41090be7348bb6191fcf79cb8

Бұл туралы аталған бюроның баспасөз қызметінен хабарлады деп жазады Қала мен Дала басылымы.

Ведомство таратқан ақпаратқа сәйкес, ол қызметтік жағдайын пайдалана отырып, «Келешек-Б» ЖШС-ның директоры Қожантаевамен, «Бексұлтан-Қызылорда» ЖШС-ның директоры Төлегеновамен және азаматша Байсақаловамен алдын ала сөз байласып, орындалмаған жұмыстардың есеп-шот фактураларын жасаған. Осылайша, Әбдіреев мемлекетке салық төлемеу түрінде 64 млн теңге шығын әкелген.

Мұнан бөлек, ол «Келешек-Б» ЖШС-ының салық төлеуден жалтаруына, ал «Бексұлтан-Қызылорда» ЖШС-інің қызметіне заңсыз қамқорлық көрсету үшін 300 мың теңге пара алған.

Қ.Әбдіреев өз кінәсін толығымен мойындады. Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Жіберіп алмаңыз:

Астанада ломбардты тонамақ болған күдікті ұсталды

20 млн теңге пара алған Қорғаныс министрлігінің шенеунігі ұсталды

Ақмола облысында зейнетке шығуына аз уақыт қалған шенеунік пара алып ұсталды

Парамен ұсталған шенеунік 12 жылға сотталуы мүмкін

Астанада Жолаушылар көлігі басқармасының басшысы пара алу кезінде қолға түсті

Талқылау