Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада полицейлер өзін-өзі өлтірмек болған азаматты мұзды судан алып шықты

23 қаңтар күні қалалық кезекші бөлімшеге Сырдария өзеніндегі көпірден ер адамның секірмекші болғаны туралы хабарлама түседі.

54601_tn

Бұл туралы ИнформБюро хабарлайды.

Аталған мекен-жайға Қызылорда қалалық жол-патрулдік полиция қызметкерлері жылдам жетеді. Ауа-райының суықтығына қарамастан, взвод командирі полиция аға лейтенанты Шаттық Жайсаңбаев және аға сержант Бақытжан Әшірбеков пен Нұрлыбек Нұртаев өзін өлтірмек болған адамды судан алып шығады.

Сол жерде ер адамға медициналық көмек көрсетіледі. Сосын ол қалалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер 44 жастағы кісінің денсаулығы қалыпты деп бағалаған. Қазіргі таңда полицейлер, оны бұл қадамға не нәрсе итермелегенін анықтау үстінде.

54604_tn

Еске сала кетсек, 2015 жылдың маусым айының бас кезінде Шымкентте жас қыз, көпір үстінен секіріп кетпекші болған еді. Алайда оны тәртіп сақшысы құтқарып қалған. Маусымның соңында Өскеменде де келісім бойынша қызмет ететін сержант, өзен үстіндегі көпірден секірмек болған қызды аман алып қалған еді.

Бір ай бұрын Астана қаласында да отбасылық ұрыстың кесірінен ер кісі өз өмірін осындай жолмен қимақшы болған. Алайда оған да полицейлер кедергі келтірген болатын.

Талқылау