Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада полицейлер үш тәулік бұрын мал бағып кеткен ер адамды тапты

Қызылорда облысы, Шиелі ауданында полицейлер үш күн бұрын жоғалған азаматты тапты.

1344580253_policiya

Сұлутөбе ауылдық округі Бірлестік ауылының тұрғыны 19 жастағы Болат және оның екі досы 7 желтоқсанда малды іздеу үшін мотоциклмен шыққан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ауылдан 35-40 шақырым жерде мотоцикл сынып, олар сонда түнеуге мәжбүр болды. Келесі күні  Болат үйіне оралған достарынан қалып қояды.

Қызылорда облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлағандай, бірінші күні туыстары өздері іздеген. Екінші күні ғана тәртіп сақшылардың көмегіне жүгінген екен.

Сұлутөбе ауылдық округінің учаскелік  инспекторы, полиция капитаны Дархан Мажиханов дереу іздеу шарасын ұйымдастырды. Нәтижесінде екі тәуліктен кейін Бірлестік ауылынан солтүстік-шығысқа қарай 50 шақырым жерде полицейлер Болатты тауып, оны туыстарына апарды.

Ол жолдан адасып қалғанын айтты.

Талқылау