Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылорда полицейі қызметтік көлігін қарбыз тасуға пайдаланып жүр (видео)

Камуфляж киген ер адамның қызметтік көлікке қарбыз тиеп жатқанын жергілікті тұрғын ұялы телефон камерасына түсіріп алған.

орпа

Видеоны желіде Құралай Бекішова есімді Фейсбук қолданушысы жариялаған. Камерамен ізінен қалмай түсірген ер адамның әрекетінен соң әскери адам қарбыздарының жартысын тиемесен, ол жерден тайып тұрады.

Оқиға Қызылордадағы автовокзалда болған. Жүргіншілердің бірі қызметтік көлікке қарбыз тиеп жатқан полицейді көріп қалып, телефонына түсіріп сұрау ала бастайды. Оның әрекеті дұрыс еместігін, қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдалануға болмайтынын түсіндіруге тырысады.

058KP мемлекеттік нөмірін таққан қызметкер болса, ешқандай сұраққа жауап берместен көлікке отырып кетіп қалады. Ал ролик авторы болса оны әзілдеп артынан “пирожковоз” деп айқайлайды. Кейін видеоға түсіріп тұрған ер адам болған жайды сол маңдағы полицейлерге айтып берген.

Ал бейнежазба астына пікір қалдырған Қызылорда қалалық ІІД “Тексеріс жұмыстары жүргізіліп, нәтижесінде аталған бейнематериал ағымдағы жылдың тамыз айында жарияланғаны анықталды. Бейнематериалдағы полиция қызметкері комиссия шешімімен тәртіптік жауапкершілікке тартылды”, – деп хабарлады.

Ал өзге қолданушылар болса шын мәнінде жүргізушінің жауапқа тартылмауы тиіс екенін, оны жұмсаған бастықтардың жауап беру керек екендігін жазады. Олардың айтуынша, мұндай қымбат қызметтік көлікті тек жоғары шенді полицейлер ғана мінеді.

Талқылау