Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада полицей қыз-келіншектер арасында «Көктем аруы – 2016» сайысы өтті

Қызылордада «8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні» мерекесі қарсаңында  «Көктем аруы – 2016» сайысы ұйымдастырылды. Ең қызығы, аталмыш жарысқа қылмыскерлерді ұстап, қоғам тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін полицей қыз-келіншектер қатысты. Шараға өңірдегі stan.kz  тілшісі қатысып қайтқан еді.

ару1.gif2

Бірнеше турдан туратын байқауда өнерлерін көрсетін нәзік жандылар шеберліктерін байқатты.Алдымен өз-өзін таныстырған полицейлер ақындық қырларын да көрсетіп, мақал – мәтел айтудан сайысты. Көпшіліктің қызуғышылығын тудырған «Дарс ату» мен «Макаров тапаншасын уақытқа бұзу мен жинау» сайыстары қызық болды. Қызметтік шеберліктерін байқатқан қыз-келіншектер бұл тұрғыда ерлерден қалыспайтындарын дәлелдеді.

ару2.gif2

Әдетте, қатал көрінетін қыздар «Өз өнерін көрсету» турында ерекше әсер қалдырды. Көздің жауын алар көйлектер киіп, әсем ән орындап, құлақ құрышын қандырар жыр төкті. Қатысушылардың бірі мың бұрала билесе, екіншілері домбыра тартты. Бес тур нәтижесі бойынша бас жүлдені  Жаңақорған аудандық ішкі істер бөлімі Ақпараттық-аналитикалық тобының инспекторы Жаннұр Сейітжанқызы иеленді.

ару3.gif2

ару4.gif2

ару5.gif2

ару6.gif2

ару7.gif2

ару8.gif2

ару9.gif2

ару10

ару11.gif2

 

 

 

 

Талқылау