Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР
БАРЛЫҚ ЖАҢАЛЫҚТАР

Қызылордада өрт салдарынан үш ұлынан айырылған анаға баспана берілді

Қызылодада үш бірдей ұлынан айырылған ана баспаналы болды. Ананың үш ұлы өрт кезінде ыс тиіп көз жұмған еді, деп жазады Stan.kz.

Қызылордада өрт салдарынан үш ұлынан айырылған анаға баспана берілді

Қызылорда қаласы әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін қаламызда аймақ басшысының қолдауымен «Жүрек жылуы» қайырымдылық шарасы өтті. Сыр елі азаматтарының ауызбіршілігі мен ынтымағын, мейірімі мен дархан көңілін көрсететін игі бастамаға қала кәсіпкерлері, іскер азаматтар, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдардың өкілдері, ерікті азаматтар түгел атсалысты.

Қайырымды шарада жомарт жүректі жандар мен ел азаматтарының және қала әкімдігінің тікелей ұйымдастыруымен әлеуметтік жағынан аз қамтылған, асыраушысынан айрылған, қарттар мен ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар, көп балалы, мүгедек, тұрмысы төмен 1 мың 600 отбасыға 26 млн. теңгенің көлемінде азық-түліктей көмек көрсетілді.

Қаламызда жиі ұйымдастырылатын “Жүрек жылуы” қайырымдылық акциясы халқымызды бірлікке, адамгершілікке, ынтымаққа шақыратын игі дәстүрге айналды.

Адамдарға осындай жылулық пен мейірім сыйлайтын қайырымдылық шарасында аймақ басшысы Қырымбек Елеуұлы Көшербаев аталы жолдың ізімен жақсылықтың, қайырымдылықтың үлгісін көрсетті.

Осыдан бірер ай бұрын, үш бірдей бүлдіршінінен қапияда көз жазып қалған жерлесіміз Жәмилә Сәдуоваға Сырдария өзенінің сол жағалауындағы жаңа қаладан 2 бөлмелі пәтердің кілтін табыстады.

Бұл қайғылы жағдай тек бір отбасының ғана емес, тұтас елдің қабырғасын қайыстырып, еңсесін түсіргені белгілі.

Халқымызда “Қайғыны бөліссең азаяды…”, – деген сөз бар. Сыр жұртшылығы сол үш бірдей бүлдіршінінен айырылған ананың қайғысына ортақтасып, ең қиын уақытта қасынан табылып, қолдан келер көмектерін беруден аянып қалмады.

Бұл – жылағанды жұбататын, жабырқағанға пана бола алатын елдігіміздің, ынтымағымыздың, Сыр жұртшылығының кең пейілді мәрттігі мен дархан көңілінің көрінісі.

Биыл бір күннің өзінде 1 мың 600 отбасыға 26 млн. теңгенің көлемінде азық-түліктей көмек беріліп отыр.

Шара соңында аймақ басшысы бүгінгі игі бастамаға атсалысқан барша азаматтарға, мемлекеттік, қоғамдық ұйым өкілдеріне алғысын білдірді.

Бұған дейін үш баласынан айырылған ана өзіне үй берілгенін жоққа шығарып, видеоүндеу жолдаған еді.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр