Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада оқушыларды кәмпитпен ұшындырған адамдар табылмай жатыр

Қызылордалық оқушылардың бейтаныс адамдар берген кәмпиттен ұшынғаны расталды. Сараптама жүргізген мамандар тәттінің ішек қабынуына алып келгенін алға тартып отыр. Ақпарат КТК арнасында айтылды.

кәмпит балалар

Фото: russianevents.london

Анықталғандай, түсініксіз тілде сөйлеген жігіттер аялдамадағы екі оқушыға бір қорап кәмпит беріпті. Қуанған балалар сөмкелерін толтырып алып, мектепке барған соң сыныптастарына таратып берген. Бірнеше сағаттан соң оқушылар өздерін жайсыз сезініп, жүректері айнып, тіпті лоқсыпты.

Маркировкасы еліміздің талабына сай келмейтін кәмпиттерде консерванттар мен бояғыштар артық мөлшерде болуы мүмкін дейді мамандар. Оқиға 19 қыркүйекте Қызылорда маңындағы Тасбөгет ауылында болған. 12 оқушының алтауы ауруханаға түскен еді. Қазір барлығы жазылып, үйлеріне жіберілген.

Оқи отырыңыздар.

Үш ата-анадан пайда болған алғашқы сәби Мексикада өмірге келді

Қазақстандағы ең үздік перзентхана тізімі жарияланды

Австралиялық әйел босанған соң 2 ай ішінде арықтап сымбатын қалпына келтірген (фото)

Турист қыз суреттеріне қарап отырып бүлдіршіннің сағатын ұрлап алғанын байқады (фото)

Психологтар ерлі зайыптылардың ажырасуына себеп болатын 6 белгіні атады 

Елімізде СПИД жұқтырған қыз-келіншектер көбейген

Талқылау