Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада Наурыз мерекесін тойлау кезіндегі әуеден түсірілген әсерлі видео шықты (видео)

Қызылорданың орталық алаңында өткен Наурыз мерекесін тойлау барысын әуеден дрон көмегімен түсірген әсерлі видеоны Ютуб видеохостингіне «Барыс студиясы» аккаунты жария етті.

Бұл туралы Қазақпарат жазды.
Еске сала кетсек, қаланың орталық алаңында мереке күні Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай облыс әкімі Қырымбек Көшербаев бастап, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, Қазақстанның Еңбек Ері Абзал Ералиев пен қоғам қайраткерлері, парламенті сенатының депутаттары, батыр аналар және елімізге танымал тұлғалары бір мезетте 25 баланың тұсауын кескен еді.

Тұсауы кесілген балақайларға «Даналық әліппесі» тарту етіліп, ақсақалдар ақ батасын берді.

Мереке қарсаңында алаңда киіз үйлер тігіліп, алтыбақандар құрылып, ұлттық ойындар ойнатылды. Ән мен күйден шашу шашылды.

 

Талқылау