Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада мұғалімнен 5 мың теңге пара сұраған директор сотталып кетті

Қызылорда облысының Жалағаш аудандық соты ауыл мектебінің директорына қатысты қылмыстық істі қарады, деп хабарлады ҚазАқпарат.

20161229172814

Облыстық  соттан мәлім еткендей, мектепте директоры өзінің лауазымдық өкілеттігін пайдалана отырып, азаматша М.-нан атқарып жүрген қызметінің үстіне 0,5 жүктеме қосып бергені үшін 5 мың теңге талап еткен.

Мектеп директоры аталмыш соманы алу барысында ұсталды.

Сот үкімімен білім мекемесінің басшысы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 366-бабы, 1-бөлігіне (пара алу) сәйкес кінәлі деп танылды. Оған дүние-мүлкін тәркілеу, білім беру саласында лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айыру, параның 50 еселенген сомасы мөлшерінде (250 мың теңге) айыппұл салу жазасы тағайындалды.

Тағы да оқыңыз:

Қазақстан имамдары «Ханафи мазхабы мен Матуриди сенім мектебі» ұстанымын бекітті

Мектеп оқушысы Сапарбаевтан «ағалап» көмек сұрады (видео)

Полицей қаздан қашамын деп күлкіге қалды (видео)

Талқылау