Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада «менің көзімше арақ ішпе» деп ескерткен ағасын інісі пышақтап тастаған

Қызылорда №2 қалалық сотта «менің көзімше арақ ішпе» деп ескерткен ағасын пышақтап салған інісіне қатысты сот үкімі жария етілді, деп хабарлады аталған соттың баспасөз қызметінен.

пышак

Сотталушы ағасымен оның танысының арақ ішіп отырғанын көріп, қастарына барып, өзіне де арақ құюды сұраған. Оған сотталушының ағасы қарсы болып, ағасының көзінше арақ ішуге болмайтынын ескерткен. Інісінің қолындағы арақты қағып жіберген. Осы уақытта сотталушы адамның денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру мақсатында асхана пышағымен ағасының ішіне пышақ салған.

Сотталушы кінәсін толық мойындап, ағасынан кешірім сұрады. Жәбірленуші де інісіне кешірім беретінін, жазасын жеңілдетуді сұрайтынын, інісімен бірге тұратынын, бұрын соңды ұрыс-керіс болмағанын айтты.

Сот үкімімен сотталушы ҚРеспубликасы ҚК-нің 106-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, 3 (үш) жылға бас бостандығын шектеуге жазасы тағайындалып, Қазақстан Республикасы ҚК-нің 44 бабының 1-бөлігі тәртібі бойынша 3 (үш) жыл мерзімге пробациялық бақылау белгіленді.

Талқылау