Қызылордада оқушылар сабақтарынан қалып, апта сайын жұма намазға барады

Жұма, 5 Ақпан , 2016 16:34

Қазіргі таңда бұл мәселе Қызылорда облысында күн тәртібінде тұрған өзекті тақырыптардың біріне айналды. Жұма намаз уақытында жас жеткіншектердің басым көпшілігін мектептен емес, мешіттен кездестіресің, деп хабарлайды Stan.kz сайтының Қызылордадағы тілшісі.

IMG_8635

Былай қарағанда, жастардың имандылыққа бет бұрғандары қуантады. Алайда талапқа сай білім алып, сауат ашудың орнына кей-кезде сабақтан қалып жүрген өрендердің болашағы алаңдатады.

IMG_8612

Тақырыпты тарқату мақсатымен жұма намазы уақытында Қызылорда қаласында орналасқан Айтбай мешітіне біз де ат басын бұрдық. Әдеттегідей, Жұма намазға жиналған жамағаттың қарасы қалың. Ересектермен қатар, жасөспірімдер де жетерлік. Жайнамаздарын жайып, сап түзеген көпшілік мұсылмандық парыздарын өтеді. Олардың қатарында мектеп формасымен жүрген, сөмкелерін арқалаған оқушыларды да көрдік. Сол жеткіншектердің бірін әңгімеге тартқан едік. Қаладағы №4 мектептің 8-сынып оқушысы өзін Данияр деп таныстырды. Жеткіншектің Жұма намазға қатысып жүргеніне біршама уақыт болып қалыпты.

IMG_8640

«Оқуым таңертең. Жұма намазға сыныптастарым, достарыммен бірге келемін. Кейде қосымша сабақтар болса, апайларымыздан сұранамыз. Мұғалімдеріміз жібереді», – дейді Данияр.

Жеткіншек діни сауатымды ашып, имандылыққа бет бұру үшін мешітке келетінін айтты. Қатарластарының арасында мешітке келушілердің қатары күннен-күнге артып келетінін жеткізді.

IMG_8644

Ал, қала тұрғыны Сабира Есмұрзаева Жұма намазына жалғыз келмейді. Екінші сынып оқитын Нұртас есімді ұлын ертіп келеді екен.

«Баламның сабағы түстен кейін. Сол себептен бірінші сабағынан сұрап аламын. Ұстаздары түсіністікпен қарайды. Бұл күні оқылатын дұға-тілектер орындалатынына сенемін. Сол себепті ұлымның Жұма намазына қатысқанына қарсы емеспін», – дейді жас ана.

Мешіт қызметкерлері болса, жұмысы, сабағы бар адамдарға Жұма намазына қатысу міндеттелмейтінін айтады.

IMG_8634

«Соңғы уақытта студенттер мен оқушылардың қатары артқанын байқаймыз. Түс мезгілінде жұмыста болса да сұранып келетіндер де бар. Тұрақты шаруасы бар адамдар Жұма намазына қатыспай-ақ қойса да болады. Ол үшін Алланың алдында айыпты болып, күнәға батпайды», – дейді мешіт қызметкері Тойлыбек Халдар.

IMG_8638

Бүгінгі күні Айтбай мешітінің жанынан «Құран оқыту», «Араб тілі» курстары жұмыс жасайды. Жұма намазына қатысуға мүмкіндігі жоқ жандардың осы сабақтарға келіп, діни сауатын ашуларына болады. Ал Жұма күні сабақтан қалып жүрген оқушылар мәселесі алдағы уақытта шешіледі деп сенеміз.

Источник: Stan.kz

Если вы нашли ошибку в тексте, выделите ее мышью и нажмите Ctrl+Enter

Источник: Stan.kz

18
Комментариев

Leave a Reply

Your email address will not be published.

Орташа айырбас бағамы
20.01.17
Сатып алу
Сату үшін
USD
327
329.5
EUR
370
374
RUB
5.05
5.12
Міндетті түрде оқыңыз
Соңғы жаңалықтар