Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада күннің ыстығынан бағдаршам еріп кетті (фото)

Алмат Сымайылов есімді азамат желідегі парақшасына күннің ыстығынан  балқып кеткен бағдаршамның суретін жүктеді.

бағдаршам

Ол аптап ыстықтан Қызылорда көшелерінің біріндегі бағдаршамның пластик күнқағарлары балқып кетті деп жазған. Сөйтіп жұртқа күнқағарлары еріп, шамдары көрінбей қалған бағдаршамның суретін көрсеткен .

Бұл өзі рас па, әлде желі қолданушысының қалжыңы ма? Ол жағын білмедік. Бірақ Қызылорда облысында соңғы кездері күннің қатты ысығаны рас сияқты. «Қазгидрометтің» Қызылорда облыстық филиалы қызметкерлерінің берген мәліметтеріне қарағанда, ыстықтың беті әзірге қайтпайтынға ұқсайды. Олар алдағы 25 – 27-шілде аралығында ауаның қызуы 43 градусқа дейін жетеді деп отыр.

 

 

Талқылау