Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада қойларды тікұшақпен құтқарды (фото)

Қызылорда облысында су алып кеткен қыстаудағы қойларды тікұшақпен құтқарды, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Қой

Оқиға 19 наурыз күні шамамен сағат 10:30-да болған. Қармақшы ауданына қарасты Абыла елді мекеніндегі қыстауды Сырдария өзенінің суы жайылуы салдарынан су алып кетті. Онда жайылып жүрген 449 бас ұсақ мал қалып қойды, оның ішінде, ауылдың 28 бас ұсақ малы өлген.

Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік тіл және ақпарат тобының бас маманы Айгүл Нұрманованың мәліметінше, 10 сағат 45 минутта Сырдария өзеніне мониторинг жұмыстарын жүргізуге және Абыла елді мекеніндегі малдарды қауіпсіз жерлерге көшіруге экипаж құрамында 5 адамы бар МИ-171 тікұшағы ұшырылды.

қой1

«Бізге су алып кеткені және ұсақ малдар өліп жатқаны туралы хабарланды. Оның үстіне, су ортасында қалып қойған мал саны да көп. Сондықтан тікұшақ жіберілді. 50 қойдан тиеп, барлығы 402 бас қой мен ешкіні қауіпсіз жерге тасыды», – дейді Айгүл Нұрманова.

қой2

Сонымен қатар, ұсақ малды көшіру жұмысына барлығы 173 адам, 22 бірлік техника жұмылдырылды. Соның ішінде, 80 ауыл тұрғыны да атсалысты.

«Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлеріне алғыс айтамыз. Біздің елді мекен Сырдарияның жағасында, қауіпті аймақта орналасқан. «Су алып кетуі мүмкін, малдарды жаймаңыздар» деп бізге алдына ала ескертілді.

Тұрғындар соған қарамай малдарын жайылымға жіберген еді. Міне, осындай жағдай болды, аз-маз шығынға ұшырадық. Дегенмен, қой-ешкілеріміз құтқарылды», – дейді ауыл ақсақалы Мұхтар Тыныбаев.

Бұдан бөлек, Бекет Тоқбаев деген ауыл тұрғыны да ауыл малдарын құтқаруға дер кезінде көмектескен азаматтарға рахметін жеткізді.

Оқи отырыңыздар:

Астанада бүлінген «Қазақ елі» монументін жөндеуге әкімдік альпинистерді тартпақ

Тәртіп бұзған полицейлерді «масқаралап» жүрген белсенді қамауға алынды

Астанада салынып жатқан элиталық кешеннің төбесі опырылып түсті

Қазақстанда 20 жыл бұрын маньяктан зорлық көріп өлтірілгендердің ісі ашылды

Талқылау