Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада көлікпен келген белгісіз біреулер тал түсте жас жігітті атып кетті

Қызылордада жас жігітті өлтіріп кетті. Қанды оқиға Яссауи мен Бөкейхан көшелерінің қиылысында болған.

Бұл туралы Евразия арнасы хабарлады.

Toyota Prado жанармай бекетінің қасына келіп тоқтаған сәтте, оның жүргізуші жағына ВАЗ автокөлігі келіп тоқтаған. Сөйтіп, алдыңғы терезеден қарумен оқ атып, тайып тұрған. Жүрек тұсынан жарақат алған тізгінші сол жерде тіл тартпай кетііпті. Полицейлердің хабарлауынша, марқұм 1984 жылы туған екен. Ал, күдікке 1987 жылы туған жергілікті тұрғын ілігіп отыр. Қазіргі таңда сезіктіні ұстау үшін барлық шаралар қабылданып жатыр.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау