Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада қарапайым шопыр түгілі жол полициясы жүгіріп өтпеген жүргіншіні сөге түсті (видео)

Қызылорда  соңғы кездері жаяу жүргінші жолағында азаматтар жиі зардап шегетін қалалардың бірі. Онда әдеттегідей  көлік жүргізушілері асықпай жүрген адамды күтуге шыдамайды. STAN.KZ  сайтының өңірдегі түсіру тобы көлік жүргізушілерінің шыдамын тексеру мақсатында арнайы тәжірибе жасап көрген еді.

пешеход

Жаяу жүргінші жолағымен Қорқыт ата көшесінен асықпай өтетін бойжеткенді көлік жүргізушілерінің 90 пайызы балағаттап кетті. Жартысынан көбі  жол бойында телефонмен сөйлескен қызды күтпестен алдынан орташа жылдамдықпен өткен. Ал селфи жасамақ болған кезде терезесінен басын шығарып, балағаттаған шопырлар саны көбейген.

Жаяу жүргінші өткелінде тоқтап тұрған полиция көлігі азаматтарға тездетіп жүруді бұйырады. Телефонмен сөйлесіп, асықпай өткен біздің сайт актрисасына полиция қызметкері “Тез жүр, әкең салып берген жол ма?!” деп айқайлайды.

Талқылау