Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада көлік ішінен табылған қыздың мәйіті: Облыстық ІІД оқиғаны растады

Желіде Қызылордада көлік ішінен қыздың мәйіті табылғаны туралы ақпарат тарады. Оқиғаны облыстық ІІД растады, деп хабарлайды Stan.kz.

Желідегі ақпарат мәтініне сәйкес, қаладағы Тасбөгет кентінде қыз бен жігіттің ес түссіз көлік ішінен табылғаны айтылды. Олардың қолы кесілген. 1992 жылғы азаматтың сол жақ білегі мен асқазаны жарақаттанғандықтан ауруханаға жіберілген. Ал, мәйітті тексеру үшін мәйітханаға жеткізгені айтылған.

Облыстық ІІД бұл оқиғаны растады. Алайда барлық мән-жай туралы ақпарат таратылмайтынын ескертті.

Облыстық ІІД мәліметінше, оқиға 10 қазанда болған. Оған қатысты күдікті ұсталып, қазір тергеу жүріп жатыр. Қылмыстың мән-жайы анықталу үстінде.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау