Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада имамдар науқастанған бойжеткенге дем салғаннан кейін денесінде арабша жазу пайда болған (видео)

Қызылордада Мәдина есімді бойжеткен сырқаттанып, есінен танып қалыпты. Ауруханадағы дәрігерлер оған нақты диагноз қоя алмай, мешітке жіберген. Ал бойжеткенге имамдар дем салғаннан кейін, оның денесінде арабша жазу пайда болыпты.

Қызылордада имамдар науқастанған бойжеткенге дем салғаннан кейін денесінде арабша жазу пайда болған (видео)

Бұл туралы «Замана» газетіне сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Мәдина Әбілхайыр естен танып ауырғаннан кейін, ата-анасы оны ауруханаға алып барған. Дәрігерлер оны жан сақтау бөліміне жатқызған екен. Алайда қызға ем қонбаған соң, аурухана қызметкерлері оны мешітке жіберіпті.

Дертіне дауа іздеп мешітке келген Мәдинаға имамдар «Ясин» сүресін оқып, дем салып берген. Арада 2-3 өткеннен кейін бойжеткеннің сол қолында белгісіз жазулар пайда болады. Бұл жағдайға таңғалған отбасы «Айтбай» мешітіндегі имамдарға барып, жазудың нені аңғартатынын сұраған. Сөйтсе, ол «Бисмилләһир – рахманир- рахим» деген сөз болып шыққан.

Қызылордада имамдар науқастанған бойжеткенге дем салғаннан кейін денесінде арабша жазу пайда болған (видео)

«Басқа кісілер оны мешітке алып барыңдар деп ұсынды. Мешітте имамдар оқығаннан 2 күн өткеннен кейін, яғни жұма күні таңертең анасы оны оятқан кезде қолының біртүрлі қан шыққан сияқты болып тұрғанын көреді. Сол жерді сипап көрген кезде, жазу пайда болған. Сол күні мешітке алып барып, имамға оқытады. Имам оның қолында арабша «Бисмилләһир – рахманир- рахим» деп анық жазылғанын айтты. Сөйтіп дұға оқытып, қайтып келді. Кешке ол аяғым ауырып отыр деген соң, анасы аяғын сипап көрген. Сол кезде тағы да әріп шыға бастапты. Ол жазу толығымен кешке жақын жазылып болды. Ол «Аллаху акбар» деген жазу болып шықты», – дейді Мәдинаның туысқан ағасы Аманжол Аймаханұлы.

Қызылордада имамдар науқастанған бойжеткенге дем салғаннан кейін денесінде арабша жазу пайда болған (видео)

Мәдинаның бойындағы мұндай жазуды Ыбырайым молда мешітінің қызметкері Руслан Мамонов оқып көрді. Ол бәрі Алланың құдіреті деп отыр. Сөзіне қарағанда, бойжеткеннің денесіндегі жазулардың денсаулыққа еш зияны жоқ.

«Болып жатқан оқиғаның барлығы Алла Тағаланың құдіретімен. Бірінші қолына шыққан «Бисмилләһир – рахманир- рахим» деген жазу «Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын» деген мағынада. Ал аяқтан шыққан «Аллаху акбар» деген жазудың мағынасы – «Алла ұлық». Мұның ешбір зияны жоқ. Бұл Алланың бізге көрсетіп жатқан құдіреті. Аспанда, бұлттарда, жұмыртқа мен қойдың үстінде мұндай жазулар пайда болған жағдай болған. Алайда адамның денесінде пайда болғаны Қызылорда, жалпы Қазақстан бойыша алғаш рет болып отыр», – дейді Руслан Мамонов.

Ал Мәдина денесінде арабша жазу пайда болғаннан кейін бойында белгісіз бірдеңе бардай сезінетін болған. Алайда оның не екенін өзі де білмейді.

«Қазір өзімді жақсы сезінемін. Бұған дейін екі рет  клиникалық өлімді бастан кештім. Олар мені мешітке жіберді. Діндарлар қолымдағы жазуды «Бисмилләһир – рахманир- рахим» деген сөз деді. Түнде аяғымда «Аллаху акбар» деген сөз пайда болды. Мұның не екенін өзім де білмеймін», – дейді Мәдина Әбілхайыр.

Мұндай жағдайдан кейін Мәдина күнде Аллаға құлшылық етіп, білген-жаттаған сүрелерін айтып жүр. Ұйқысы тыныш. Ендігі намаз оқуға талпынуда.

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау