Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада ет қамырының орнына дайын тұшпара салу сәнге айналды (фото)

Соңғы уақытта Қызылордада қазақтың үлттық асын дайындаудың жаңа әдісі пайда болып келеді. Мұндағы қыз-келіншектер енді жайманың орнына дүкендегі тұшпараны пайдалануға көшті. Қызылорда обылысындағы Stan.kz сайтының тілшісі мұндай ас соңғы кездері жиындардағы ас мәзірінен жиі көрінетін болған дейді.

еетт3

Қазақ әдетте, құрметті қонағы келгенде қазан көтеріп, етін асады. Той-томалақтарда да ет асылып, дәмді етіп қамырын қолдан жайып салады. Жақында Қызылордадағы ауылдардың бірінде өткен тойда ұлттық тағамымыз жаңаша түрде дайындалды. Алдымен қазанда ет асылды әдеттегідей. Еттің піскенін күткен аспазшылар қамырдың орнына дайын тұшпараны салып жіберді. Сөйтіп қуанышты жиынның құрметті қонақтарының алдына тартылды.

беш1

«Ет тамақты бұлайша дайындау дұрыс емес. Өзіңіз ойланып көріңізші, тұшпараның ішінде де ет, үстінде де ет. Сүйсініп жеу де мүмкін емес. Бұл әдісті қазір қолданатындардың қатары артып келеді. Егер қамыр дайындауға ерінсеңіздер, дайын жайманы пайдалануға болады емес пе? Одан қалса сүрленген етті иісінен-ақ сүйсініп жегісі келген адамадр дүкеннің тұшпарасынан жиіркеніп қалуы әбден мүмкін. Жарайды, ол тұшпара үйде түйілген болған күннің өзінде ет тамағының дәмін одан әрі жақсартып жіберді дегенге сенбеймін », – дейді тәжірибелі аспаз Жанат Альмуханова.

беш

Расымен, мұндай тамақтан ауыз тигендер  астың әдеттегіден ұзақ қорытылатынын айтады. Неше ғасырлар бойы сақталып келе жатқан дәстүріміздің бұлайша өзгергеніне қарсылық білдірушілер де бар. Ал, диетолог мамандар болса, бұл тағамның артық салмақ жинауға әсері болатынын айтады.

Тіпті, кейбір шалғай жерлерде ет тамақтың қамырының орнына манты салып жүргендерді де көруге болады. Көпшілік бұл жалқаулардың әрекеті деп ойлайды. Ал, ұлттық тағамымызға жаны ашыған аспаздар дәстүрден ауытқымауға кеңес береді.

 

 

Талқылау