Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада дертке шалдыққан 9 жастағы алып қыздың салмағы 72 келі

Қызылордада алып қыз тұрады. 9 жастағы Дильназ Абдихалыкованың салмағы қазір ересек адамдардікімен бірдей, деп хабарлайды КТК.

Қыздың салмағы қазір 70 келіден астам. Ол қазір мүгедектер арбасынан да тұра алмайды.

Дильназ үшін жүріп-тұрудың өзі бір қасірет. Ол үйде отырып ылғи кітап оқиды. Өздігінен көшеде жүріп қыдырғанды ұнатады. Гормонының бұзылғанына байланысты салмағы артып барады. Ал, 9 жастағы баланың салмағы шамамен 30 келі болуы керек.

«Салмағы күн санап өсіп бара жатыр. Оның жуындыру, көшеге шығару қиындап кетті. Үнемі қозғалыссыз отырады», – дейді анасы Гүлнәр Абдыхалықова.

Медициналқ анықтамада Дильназда тумысынан гидроцефалия, симптоматикалық эпилепсия дерті бары жазылған. Денесінің сол жақ қабілеттілігін жоғалтып, көзі бірден нашарлайтыны айтылған.

«Дильназ 2008 жылдан бері есепте тұр. Оған екі ота жасалды. Екі жыл бұрын Астанадағы нейрохирургия орталығының мамандары қарады. Біз қолдан келгеннің бәрін жасаймыз», – дейді дәрігері Жазира Ережепова.

Балаға қандай көмек керек екенін түрік дәрігерлері біледі. Оларда арнайы аппарат бар. Алайда еміне 5200 доллар қаражат керек. Анасы мұндай қаржының жоғын айтып жылайды.

Тағы да оқыңыз:

Қырғызстанның жаңа президенті қазақ-қырғыз қарым-қатынасы қалай өрбитіні

“Сақалды әйел” атанған ОҚО тұрғыны күйеуімен бақытты ғұмыр кешуіне сақалы себеп екенін айтады (фото)

Оқушы қызға азғындық жасады деп сотталған қызылордалық мұғалім түрмеден хат жазып жіберді

Талқылау