Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада дәрігерлер жарылыс кезінде жарақат алған баланы құтқарды, алайда оны күйген беті үшін мазақ қылады

Өрт кезінде жарақат алған жеті жасар қызылордалық Санжар Жанахмет бүгінгі таңда көмекке мұқтаж болып отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпараттық агенттігі Астана арнасына сілтеме жасап.

Қызылордада дәрігерлер жарылыс кезінде жарақат алған баланы құтқарды, алайда баланы күйген беті үшін мазақ қылады

Отбасындағы бұл қайғылы оқиға осыдан екі жыл бұрын болған. Газ балоны жарылғанның салдарынан әжелері қайтыс болып, отбасының бес мүшесі көп уақыт ауруханада жатқан. Қалалық дәрігерлер баланың беті мен мойнын қалпына келтірген. Бірақ Санжар қазір мұрны мен ернінің қисықтығынан қиналып жүр. Оған пластикалық ота жасату қажет.

Санжардың анасының айтуынша, ол қазір қарындасы мен үй ауласын ғана көреді. Көрші балалар оттың кесірінен бет әлпеті бұзілған онымен ойнаудан бас тартып, керісінше Санжарды мазақтайды. Ендігі ол өзінің бәрі сияқты емес екенін түсінген.

«Далаға шықса болды, бәрі оған үңіле бастайды. Бала мұның бәрінен қайғы жұтуда. Үйде ойнап, үйде сабағын оқиды. Сырттағы балалар оны мазақ қылады», – дейді анасы Жұлдыз Тындабаева.

«Көп достарымның болғанын қалаймын. Олармен араласқым келеді, мектепке де барғым келеді. Құдайдан бетімді бұрынғы қалпына келтіретін ота жасауға көмек сұраймын», – дейді зардап шеккен бала.

Оқиға 2016 жылдың қысында орын алған. Газ балонының жарылысы өртке әкеліп соққан. Өртте әжелері қайтыс болып, екі ұлы, келіні мен екі немересі ауруханаға түскен. Бәрінен бұрын бес жастағы Санжар зардап шеккен. Дәрігерлер баланы өлім аузынан алып қалып, екі рет «Ана мен бала» орталығына жіберіп, ішіндегі теріні қолына қайта отырғызған. Бірақ бұрынғы келбетін қайтара алмады.

«Металл қойылған беті мен қолына ота жасау керек. Алақаны жұмылмайды, саусақтары мүлде қозғалмайды десе болады. Ата-анасы оны пластикалық ота жасай алатын шетелдік ауруханаларға апарғылары келеді. Басқа амал жоқ», -дейді Әйгерім Абдукаримова, Қызлорда қаласының аурухана бөлімнің меңгерушісі.

«Санжардың барлық өмірі әлі алда. Және ол қалай болады, бізді сол мазалайды. Бетін қалпына келтіретін отаны жасатуға ата-анасының шамасы жетпейді. Әкесі такси қызметінде жасайды, күніне 2-3 мың теңге табады. Халыққа рахмет, солар жинап берген ақшаға үй соғып алды», – дейді Санжардың апасы Ляйля Тындабаева.

Бұл санаттағы ота мен ары қарай оңалту процессінің бағасы шетелдік клиникаларда кем дегенде жүз мың долларды құрайды. Мұндай отаны өзімізде де жасайды. Мысалы, Сызғанов атындағы Ұлттық-ғылыми орталығында денесінің жетпіз пайызын күйік шалған алты жасар баланың бет әлпетін толық қалпына келтірген. Мүмкін, қазақстандық дәрігерлер Санжардың бетін қалпына келтіріп, толыққанды өмірге үміт берер ме екен!?

Stan.kz сайтын Telegram арқылы оқыңыз. Арнамызға жазылыңыз.

Талқылау