Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Қызылордада бұршақ жауды (видео)

Қызылорда қаласында жарты сағатқа жуық бұршақ құйып өтті.

42268671

Бұл туралы “ҚазАқпарат” хабарлайды.

Мамыр айының ортасына келіп жеткенмен биылғы жылы Сыр өңірінің ауа-райы құбылмалы болып, күн-райы әлі жылынып кете қойған жоқ.

Жауған бұршақтың үлкендігі жүгері дәнінің көлеміндей болғандықтан қандай да бір қауіп тудырған жоқ.

Сондай-ақ, хабарласып білгенімізде, өтпелі жаңбырмен қосыла жауған бұршақ Қызылорда қаласының төңірегінде ғана орын алған болып шықты. Оның Сыр өңірінде басталып кеткен егіске еш кедергісі болмасы анық.

Талқылау